» » Ақша аударымдарына байланысты жаңа ереже

Ақша аударымдарына байланысты жаңа ереже

Қазақстанда банк шоттары мен аударымдарды тексерудің жаңа ережелері дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz




Қаржы министрлігінің жобасына сәйкес екінші деңгейлі банктер кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыратын жеке тұлғалардың шоттары бойынша салық органдарына егжей-тегжейлі ақпарат беруге міндетті. Тізімге мыналар кіреді:
  • шот нөмірлері мен ондағы қалдықтар туралы мәліметтер;
  • жыл ішіндегі ақша айналымы;
  • осындай тұлғаларға берілген кредиттер, оның ішінде өтелген сома мен есептелген пайыз туралы дерек;
  • 20 мың АЕК-тен асатын (2025 жылы 73 миллион теңгеден жоғары) мүлікті сатып алу кезіндегі ақша айналымы.

Бұл не үшін қажет?

Қаржы министрлігі мәліметінше, өзгерістің мақсаты - жалпыға бірдей декларациялау аясында азаматтардың кірістері мен мүлкіне бақылауды күшейту. Салық органдары ірі мәмілелерді қашықтан қадағалап, оларды берілген декларациялармен салыстыра алады. Бұл әдіс әділ салық салып, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енетіні хабарланды. Биыл үш ай үшін 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі.
28 тамыз 2025 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930