» » Қазақстанда 225 мың теңгеден асатын аударымдар тексеріледі

Қазақстанда 225 мың теңгеден асатын аударымдар тексеріледі

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға лимит бойынша енгізілетін жаңа талаптар туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір банктер үш ай ішінде әртүрлі тұлғалардан 100-ден астам аударым алған қазақстандықтар туралы мәліметтерді салық органдарына беруге міндетті. Мұндай кәсіпкерлер тауар немесе қызмет үшін заңсыз төлем алған болып есептеледі.
Мемлекеттік кірістер комитеті тексеру критерийлері енді өзгеруі мүмкін екенін атап өтеді. Түзетуді ұлттық банк бекітіп жатыр.
"Бір жеке тұлғаның банк шотына қатарынан 3 ай ішінде 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан жалпы сомасы 3 айлық жалақы мөлшерінен, яғни 225 мың теңгеден, асатын аударым қабылдаған тұлғаны тексеруді енгізу қарастырылуда”, – делінген ақпаратта.
Осылайша, жаңа түзетулер күшіне енгеннен кейін қазақстандықтардың үш айдағы мобильді аударымдарының саны 100-ден асқан жағдайда ғана жеке тұлғалардың мобильді аударымдары тексерілетін болады. Түскен ақшаның жалпы сомасы 255 мың теңгеден аспауы керек
Айта кету керек, екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу критерийлеріне жататын жеке тұлғалар туралы ақпарат беруге міндетті.
Банктер операцияларды есепке алуды және олар белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін болса, мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Заңға сәйкес, кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз айналысатын барлық жеке тұлғалар жазаланады. Айыппұл 15 АЕК (2024 ж. 55 380 теңге), бір жыл ішінде қайталап бұзу 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде.
Қазақстанда мобильді аударым арқылы қанша кәсіпкердің салықтан жалтарғаны әзірге белгісіз. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты банктерден 2025 жылы алатынын атап өтті.
Еске салсақ, БАҚ-та қазақстандықтардың картадан картаға жасалатын аударымдарға 12% мөлшерінде қосымша құн салығы салынатыны туралы ақпарат тарады. Мұндай норма жаңа Салық кодексінің жобасында бар екені айтылған. Жағдайға қатысты Ұлттық экономика министрлігі түсініктеме берген еді.
31 желтоқсан 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728