» » «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру – мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыты. Бағдарлама елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды жұмыспен қамтуды мақсат етеді. Сонымен қатар тек жұмыссыздық деңгейін төмендетіп қоймай, жастардың туған жерге, табиғатқа, Отанға деген патриоттық сезімін оятады. Бірге жұмыс істеген жастар өзара достық қарым-қатынастарын нығайтады.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жас ұрпаққа экологиялық білім беру, оларды еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелеуде «Жасыл ел» бағдарламасының маңызы зор екенін атап өтті. Бұл бағдарлама арқылы көптеген жас азамат өз бос уақытын тиімді өткізіп, ел игілігіне қызмет етуде.
Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасына қатысуға ниетті жастардың саны артып келеді. Осы жылы еңбек жасағы құрамында Байқоңыр қаласынан 150-ден астам жас маусымдық жұмысқа тартылып отыр. Еңбек жасағында жұмыс істейтін жастарға ай сайын 100 мың теңге көлемінде ақы төленеді.
Байқоңырдағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы қаланы абаттандыру және көркейту жұмыстарына, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын іске асыруға белсенді түрде атсалысуда.
Айта кетейік, «Жасыл ел» бағдарламасы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыра отырып, жастардың жеке өсуі үшін қызмет етеді.
«ҚТ» ақпарат
16 шілде 2025 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930