» » БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жаз мезгілі – балалардың жазғы демалыс лагерьлеріне аттанып, табиғат аясында тынығатын кезеңі. Бұл уақыт ата-аналар үшін баласының қауіпсіздігіне алаңдайтын шақ. Ал мекеме басшылығы үшін жауапкершілігі жоғары кезең. Себебі, лагерьлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.
абдықтарының ақаулығы немесе дұрыс пайдаланылмауы, балалардың сіріңке, оттық, шырағдан сияқты қауіпті заттарды пайдалануы. Сондай-ақ от жағу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, пеш немесе газ құралдарын дұрыс қадағаламау да тылсым жаудың себептері. Ал осындай тосыннан келетін апаттардан сақтану үшін ең алдымен қызметкерлер мен тәрбиешілердің арнайы нұсқамадан өтуі шарт. Өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларына үйрету, барлық ғимаратта өрт сөндіргіштердің болуы және жарамдылығы, әр корпуста, асханада, қоймада арнайы өрт сөндіру құралдары болуы міндетті. Әрдайым электр жүйелерінің техникалық жағдайы бақыланып, қолданылатын құралдардың жарамдылығын тексеру, рұқсат етілмеген электр құрылғыларын пайдалануға тыйым салу, балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрететін арнайы сабақтар, ойын түріндегі жаттығулар, эвакуациялау жаттығулар арқылы түсіндіру де алғышарттардың бірі. Сонымен қатар әрбір ғимаратта төтенше жағдай кезінде әрекет ету жоспары болуға тиіс. Қызметкерлер мен балалар эвакуация жолын білуі керек.
Тәртіп пен бақылау – қауіпсіздіктің кепілі. Лагерь әкімшілігі күн сайын аумақты тексеріп, от жағуға тыйым салынған жерлерді бақылауда ұстауы қажет. Сырттан келушілерді тіркеу, түнгі кезекшілікті ұйымдастыру – өрт және жалпы қауіпсіздіктің сақталуына ықпал етеді.
Лагерь – баланың демалатын ғана емес, тәрбиеленетін, қауіпсіз ортада болатын орыны. Сондықтан әрбір ата-ана, тәрбиеші мен мекеме басшысы бірігіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы балалардың амандығын қамтамасыз етуі қажет.
Аудандық төтенше жағдай бөлімі
30 маусым 2025 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 982
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30