» » СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

Өмірде бейқамдық, қаперсіздік һәм алаңсыздық осы үшеуі қауіптің күшеюіне себепкер. Қатердің қамсыз жүргенді жағалайтын әдеті. Кей ата-ана соны ескерсе дейміз. Ескертіліп те жатыр.
Бүгінгі тынымсыз тіршілікте бала қараусыз қалмауы тиіс. Дана қазақ «ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» дегенді текке айтқан жоқ. Кейінгілер де жадында ұстасын деп ескертті.
Дегенмен, баламыз от баспасын десек, төтеншеліктердің ескертпелерін жадымызда ұстауымыз міндет. Себебі, шомылу маусымы басталғалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі су жағалаған әр балаға алаңдаушылық танытуда. Қайткенмен, әр балаға тек тиісті құрылым ғана емес, әрбір ата-ана да жауапты.
Шомылу маусымының басталғанына да көп болған жоқ. Содан бері төтеншеліктер бәйек қағуда. Ауданда 1 шомылу аймағы белгіленген. Ол Сырдария өзенінде былтыр ғана ашылған жағажай. Қауіпсіздігі айқындалған осы аймақтан азаматтық қорғаныс өкілдері өзен жағалауын торып әлек. Себебі де жоқ емес. Көзден бір сәт таса болған бала шомылуға бейім тұр.
Бала бейімі бейжайлықпен қарауға болмайтын жайт. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары күн сайын балаларға және олардың ата-аналарына судағы қауіп туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуден кенде қалып жатқан жоқ. Шомылу маусымындағы басты ережелерді тәптіштеп ескертуде.
– Қазір күннің ыстығы қатты сезілуде. Дәл бүгінгі сәт кез келген баланың немесе ересектердің суға шомылуына үлкен себеп болып тұр. Мұндайда адам жанының қауіпсіздігі біз үшін маңызды. Қызметкерлеріміз өзен жағасына келгендерге ескерту жасап, суға шомылу ережесін түсіндіруде. Жаз басталды дегеннен табаннан тік тұрып, күндіз-түні Сырдың жағасын торуылдап жүр. Осындайда ата-аналар да балаларын бақылаусыз қалдырмаса дейміз. Себебі кез келген су айдыны тілсіз жау, адам өміріне қауіпті, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Өмірбек Сақтабаев.
Теледидардан суға кету қаупі туралы жағымсыз жаңалықтар естігенде тұла бойымыз шымырлап, жан-жағымызды түгендеп кететініміз жасырын емес. Сондықтан көзі қарақты оқырман, бала қауіпсіздігіне тек құзырлы органдар ғана емес, әрбір ата-ана да жауапты. Балаларымыз қараусыз қалып, қауіпке душар болмасын.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
23 маусым 2025 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 998
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031