Құрылтай
» » Шомылу орындары тұрақты бақылауда

Шомылу орындары тұрақты бақылауда

qarmaqshy-tany.kz Жақында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назарқұлов бұқаралық ақпарат өкілдеріне брифинг өткізді. Онда аудан бойынша шомылуға тыйым салынған аймақтарда 31 қауіпсіздік белгісі мен 12 билборд орнатылғанын мәлімдеді. Сонымен бірге ол қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын адамдардың саны артып, кей жағдайда тіпті қайғылы жағдаймен аяқталып жатқанын айтты. Жыл басынан бері аудан және Байқоңыр қаласындағы су айдындарында 6 оқиға тіркеліп, 7 адам қаза тапқан. Оның 2-еуі бала.

Шомылу маусымы кезінде аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылып, ауданның су айдындарында 120 рет рейд жүргізіліп, 778 адамға судағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынама парақшалары таратылған. Бүгінге дейін тыйым салынған жерлерде шомылу ережелерін бұзғаны үшін 7 адамға ескерту жасалды. Брифинг барысында тілшілердің қауіпсіздік сақтау туралы өзге де сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ ол аудан тұрғындарына балаларды су айдыны жағасында қараусыз қалдырмауды, сонымен бірге су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауларын ескертті.
«Қт» ақпарат
15 шілде 2023 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31