» » Сақтық керек қалайда

Сақтық керек қалайда

ЕНДІ БІР АТТАСАҚ ЖАДЫРАҒАН ЖАЗ КЕЛЕДІ. АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ ДА ЫСЫП ЖАТЫР. ДЕМЕК БҰЛ СУҒА ТҮСУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ ДЕГЕН СӨЗ. АПТАНЫҢ ӘР КҮНІНДЕ СУ АЙДЫНДАРЫН ЖАҒАЛАП, СУҒА ШОМЫЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ. СУҒА ТҮСУ БІР ЖАҒЫНАН ДЕМАЛЫС, ӘРІ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ ДЕСЕК, ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН СУДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАР ЕСЕҢГІРЕТУДЕ. ОНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕБІ ДЕ СОЛ АДАМДАРДЫҢ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАУЫНАН, ОНЫ БІЛМЕУІНЕН ОРЫН АЛЫП ОТЫР.
Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қаупі бар. «Су – адамның досы әрі дұшпаны» дейді. Себебі адамдардың, әсіресе балалардың суға шомыла білмеуі, қауіпсіздік ережелерін орындамаудың соңы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеледі. «Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін суға шомылу ережесін қатаң сақтаған жөн» дейді мамандар. Соңғы 3 жылдағы мәлімет бойынша, 2019 жылы судағы қайғылы оқиғалар 6 рет тіркеліп, оның 2-еуі мектеп жасындағы оқушы болса, 2020 жылы 3 адамның суға кетіп қайтыс болуы тіркелген. Оның 2-еуі мектеп жасындағы бала. Ал 2021 жылы 4 адам суда қаза тапқан. Оның 3-еуі бала. Міне, суға түсу ережелерін сақтамау, су қоймаларында жиі қайғылы жағдайлардың болуына себеп болып отыр.
– Жаз маусымында көптеген аудан тұрғынының су айдындарына барып шомылатыны баршамызға мәлім. Сол суға шомылудың аяғы кей кездері орны толмас қайғылы жағдайларға әкелетіні де белгілі. Оның бірден-бір себебі – Сырдария өзенінің аудан халқының негізгі орналасқан Жосалы кенті мен Байқоңыр қаласы маңынан өтуі және суға түсуге белгіленген арнайы орындардың болмауы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, суға бататын көбінесе мектеп жасындағы оқушылар мен спирттік ішімдік ішкен азаматтар. Суға тек арнайы белгіленген, түбі тексерілген орындарда ғана түсу керек. Судың температурасы +18, +19 градустан төмен болмағаны жөн. Егер дененің тоңазығанын сезсеңіздер, дереу жағаға шығу қажет және әбден жылынып алмайынша қайта суға түсуге болмайды. Суға қайықтан, катамараннан, көпірден, басқа да биіктерден секіруге болмайды. Суда жүзу үшін кез келген тақтайды, автокөліктің камераларын, үрленген матрацтарды пайдалану қауіпті, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назарқұлов.
Сонымен қатар ең алдымен адамдар белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтынын есте сақтауы тиіс. Суға тек рұқсат етілген орындарда, жағажайларда шомылу керек. Суға түсетін жердің, су тазалығы, тереңдігі де өте маңызды. Мұны тексерген жөн. Тамаққа тойып алып шомылу денсаулыққа зиян және ұзақ шомылуға болмайды. Әркім өзін шаршауға және тоңып-қалтырауға дейін жеткізбеуі қажет. Суға түскенде бір-бірін және балаларды көзден таса қылмау керек. Сондай-ақ қоршау белгілерінен асып кетпеген абзал. Техникалық ескерту белгілерінің және басқа құралдардың үстіне шығуға қатаң тыйым салынады. Судағы төтенше жағдайдан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережесі мен қауіпсіздік шарасын қатаң сақтау. Егер төтенше жағдай орын алған кезде 101 немесе 112 телефонына хабарласу керек. Су маусымы басталғалы мамандар осылай дабыл қағуда.
«Сақтансаң, сақтайды» деген қағиданы санаға қалыптастырсақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі арта түсетінін тағы бір мәрте қаперге салмақпыз.
А.ӘЛИ
21 мамыр 2022 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031