» » Суға түскенде сақтық керек

Суға түскенде сақтық керек

Шіліңгір шілденің шағында салқын суға шомылу жанға жайлылық сыйлары сөзсіз. Десе де жас балалардың суға шомыла білмеуі мен ересектердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан орны толмас қайғыға ұшырап жатады.

Жаз мезгілі – өзен-көлдердің жағалаулары демалушылардан қайнап жататын кез. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергітіп, жұмысқа қабілетіңді арттырады. Десе де жыл сайын суға түсу маусымы басталғаннан бастап өкінішке орай өлім жағдайлары тіркеледі. Құтқарушылар үнемі суда жүзу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертсе де, ескертуге құлақ түретіндер сирек.

Иә, сынап бағанасы көтерілген сайын «салқындаймын» деп жағажайларды жағалайтындар көбейеді. Суға шомылу маусымында азаматтар қауіпсіздік шараларын ескергені абзал. Әсіресе, белгіленбеген аумақта суға түсу аса қауіпті. Бұл кезеңдегі адамдардың қаза болуының басты себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады.

Мамандар жағадан алыс жүзбеу, ескерту белгілерінен әрі өтпеу, арнайы белгіленген жерлерде ғана шомылу, балаларға сақ болу, суда алысып, күресіп ойнамау секілді қарапайым ескертпелерді жасап-ақ жатыр.

Шомылу маусымының басталуына орай суға түсіп салқындағысы келетін ағайынға төтеншеліктердің айтары бар.

– Өздеріңізге белгілі, қазір күннің қатты ысуы байқалып жүр. Осы кезеңдерде, балалардың каналдарға суға түсу қаупі артады. Сондықтан да, белгіленбеген жерлерге суға шомылуға тыйым салынады.Суға шомылу маусымында тұрғындардың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің су айдындарындағы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция бөлімі және білім бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы өзен каналдар мен аудан аумағы арқылы өтетін басқа да су айдындарында рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізіп келеді, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

Жалпы жаз мезгілі адамдардың суға көп шомылатын уақыты. Күннің ыстығы мен топырақ суырған дауылдар да соған итермелейтін шығар. Десек те, «От пен су – тілсіз жау» екенін естен шығармағанымыз дұрыс. «Сақтансаң, сақтаймын» деген ұстаным күнделікті тіршіліктен тыс жатқан жоқ. Ережеге бағыну да еріккеннің ісі емес. Әсіресе, балаларға сақ болайық. Қайғылы жағдайға жол беріп, бармақ тістегенше, оның алдын алған тиімді болмақ.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 шілде 2024 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031