» » Сақтық ережелерін сақтау маңызды

Сақтық ережелерін сақтау маңызды

Ауа райының күрт ысуы салдарынан тұрғындар су айдындарына жиі баратыны белгілі. Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға шомылу маусымында барынша сақ болуға шақырады. Сондай-ақ, жағажайлардағы белгіленбеген аумаққа бармау керектігін ескертеді.

–Жаз мезгілінде азаматтардың суға шомылу барысында сақтық ережелерін сақтаумауының кесірінен қайғылы жағдайға жиі ұшырайды. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда суға кету жағдайы 10 пайызға азайып отыр. Жалпы азаматтардың суға шомылу маусымында қаза болуының бірнеше себептері бар. Атап айтсақ, су айдындарында қауіпті деп танылған аумаққа баруы, масаң күйінде суға түсуі, ескертулерге мән бермеуі және кішкентай балаларды бақылаусыз қалдыруы. Осы тұста біздің құтқарушылар күнделікті жағажайлар мен адам көп шоғырланатын жерлерде халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, рейдтік іс-шаралар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар аймақтағы су айдындарында 63 қауіпті аймаққа 310 ескерту тақтайшасы мен 68 билборд орнатылды. Барша облыс тұрғындарын суға шомылу барысында сақтық шараларын сақтауды ескертеміз, – деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Асхат Тоғызбаев.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі
13 шілде 2023 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 386

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031