БАЛА - ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!
Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Бұл жерде зардап шегетін бала.
Шараның басты мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару; ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зиян екендігін және әрбір бала - ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру; жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың ауыр жұмысқа тартылмауының алдын алу; сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Осы мақсатта 5 маусым күні №111 орта мектебі және №29 орта мектебінің жанында ұйымдастырылған күндізгі тынығу лагерлерінің тыныс тіршілігімен танысу мақсатында Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Әділет Сәду, Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Идирисова Алия Нұрмағанбетовна,аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Тулебеков Арман Бахадирұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы арнайы келді.
Кездесу кезінде оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған бір күндік жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, балаларға отбасы құндылықтары туралы толығырақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бала – ертеңгі өмірді жалғастырушы, ізбасар. Оның өмірінің әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы тиіс екенін ұғындыруымыз керек. Әр оқушы өзінің құқығын білуі маңызды. Бұғанасы қатпаған бала еңбек етіп, күн көрмеуі керек, керісінше балалық шағында мектепте берілетін біліммен еркін сусындап , жазғы мезгілде еркін дем алуы қажет.
Ел ертеңі – жас ұрпақ, бүгінгі оқушыларымыз болғандықтан, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз!