» » БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ - 12 КҮН

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ - 12 КҮН

Қазіргі таңда Қармақшы аудандық прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінің ашылуына қатысып, профилактикалық аралау іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Осы мақсатта кеше 5 маусым күні №111 орта мектебі және №29 орта мектебінің жанында ұйымдастырылған күндізгі тынығу лагерлерінің тыныс тіршілігімен танысу мақсатында Қармақшы аудандық прокуратурасының прокуроры Әділет Сәду, Қармақшы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Идирисова Алия Нұрмағанбетовна,аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Төлебеков Арман Баһадүрұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы арнайы келді.

Кездесу кезінде оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған бір күндік жұмыс барысымен танысты.
Бірінші кезекте көркейту көгалдандыру бригадасы мүшелеріен кездесті. Кездесуде оқушылардың тамшылатып суғару арқылы өсірген бақша дақылдарымен танысты. Аулалық клуб жұмысы және спорттық үйірмелерде атқаралған шараларды көріп өтті.
Күндізгі тынығу лагерінде оқушылармен атқарылып жатқан жұмыс барысы мен танысты.

Шара барысында "Бала еңбегін қанауға қарсы-12күн" атты шара барысы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аралау барысында балалардың тамақтану, медициналық көмек алу, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі және қауіпсіздік шаралары бақыланды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалыс кезінде толыққанды демалуына, денсаулығын нығайтуға және қауіпсіз жағдай жасалуына бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

06 маусым 2025 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10410)

10 маусым 2025 ж.

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 906
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30