» » Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ

Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ

Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.
Науқанды өткізу мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.
Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Әрбір баланың құқықтарын насихаттау және қорғауға, балалардың құқықтарын іске асыруға көмектесуге және балаларға құрметпен, қамқорлықпен қарау біздің міндетіміз деп білеміз.

Қармақшы аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

04 маусым 2022 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930