Құрылтай
» » «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өткізіледі

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны өткізіледі

2002 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы жұртшылықтың хабардарлығын көтеру және бала еңбегі мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында 12 маусымды Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні деп жариялаған. Алғаш рет 1997 жылы Амстердам мен Ослода балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күресу мақсатында өткен халықаралық балалар еңбегіне қатысты сұрақтар талқыланған конференция арқылы көтерілген бұл бастама арқылы көптеген жұмыстар атқарылды, ал 12 маусым – халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні деп аталып, жыл сайын тойланып отыратын болды.
Біздің елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Яғни, 1-12 маусым күндері аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Аталмыш шарада полиция бөлімі, білім беру ұйымдарымен бірлесіп, жасы кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізелетін болады және жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілетін болады.

Қармақшы АПб ЖПҚб
03 маусым 2021 ж. 1 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31