» » СОТ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ

СОТ ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Іс бойынша өзіндік айғақ саналатын сот құжаттарының, сот отырысы хаттамасының дұрыс, нақты, сауатты толтырылуы осы хатшыға байланысты. Соттың жұмысы мен беделі көп ретте сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты. Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады.
Хатшы барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық тараптардың жауаптарын, қарсылықтарын, өтініштерін, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасын белгіленген мерзімде дайындауға, төрағалық етушінің заңды шешіміне бағынуға, жабық сот отырысында өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Сот отырысы хатшыларының жұмысы оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда хатшылар сотқа қатысушы тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй маман ғана емес. Олар сотта қаралатын кез келген істің қиындықтарымен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Бірде-бір процесс оның осы субьектінің қатысуынсыз өтпейді.
Сот отырысының хатшысы сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, бірақ бұл ретте сот төрелігін іске асыру жөніндегі функцияны орындамайтын және судьяны алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы болып табылады. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады. Ауыртпалыққа қарамастан, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне мұқият, атқарушы және жауапкершілікпен қарауы керек. Соттың жұмысы мен имиджі сот отырысы хатшысының дұрыс ұйымдастырылған жұмысына, оның жауапкершілігі, сауаттылығы мен адалдығына байланысты.
Телжан ӘМІР,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы-сот
отырысының хатшысы
30 мамыр 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 987
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031