» » Хатшылық абыройлы іс

Хатшылық абыройлы іс

qarmaqshy-tany.kz «Хатшы» деген сөздің түп-тамырына үңілер болсақ, ең алдымен хаттаушы немесе жылнамашы деген сөздердің ойға оралары анық. Хатшылар данышпан, ел билеуші адамдардың қасында жүріп, олардың бұйрықтары мен жарлықтарын қағаз бетіне түсіреді. Оны жай ғана қағаз бетіне түсіріп қоймай, болған жайдың бәрін хронологиялық тәртіппен мұқият тіркеді. Хатшылық жұмыс заңдарды жақсы білетін, білімді әрі сан түрлі мамандықтардың қыр-сырына жетік адамдарға тапсырылады.
Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады.
Сот отырысының хатшысы іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындаумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламаларды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді. Сонымен қатар процеске қатысушы адамдардың келуін қамтамасыз етеді. Бұған қоса сот отырысына қатысып, сот отырысының хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес рәсімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады.
Сот отырысының хатшысы талай адамдардың тағдыры талқыға түсетін сот процестеріне қатыса жүріп, тараптар бастан кешетін барлық жағдайларды көзімен көреді. Мұндайда олар процеске қатысушылардың түрлі көңіл-күйлеріне сабырмен қарап, барлық ынта-жігері мен тәжірбиесін өзінің қызметтік міндеттерін бұлжытпай атқаруға жұмсайды. Сондықтан да ол сот құрамының бір бөлшегі бола отырып, өз ісіне қашан да жауапкершілікпен қарайды.
Соттың жұмысы мен беделі көп ретте сот отырысы хатшысының жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуіне, жауапкершілігіне, біліктілігі мен ұқыптылығына байланысты.
С.Қожабаев,
бас маман сот-отырысының хатшысы 
08 қараша 2022 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930