» » Аудио және бейнежазба жүйесін пайдалану

Аудио және бейнежазба жүйесін пайдалану

Барлық сот процестерінде аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларын қолдану Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы сот жүйесінің алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.  Қазақстан Республикасының соттары сот төрелігінің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін санды форматтағы аудио және бейнежазбаға түсіру құрылғыларымен жабдықталған.
 Елімізде сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде, не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында сот отырыстарын аудио және бейнежазбаға түсіру тәжірибесі енгізілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық процесуалдық кодексіне сәйкес, төрағалық етуші сот отырысын ашады және қаралуға жататын іс туралы, сондай-ақ сот отырысында аудио және бейне жазба құралдары пайдаланатыны жайында хабарлайды. Сот отырысы барысында шешілмеген және қанағаттанбаушылық тудыратын даулы жағдайлар туындағанда, сот процессіне қатысушылардың өз пікірлерінің дұрыстығына немесе қателігіне көз жеткізу үшін электронды жазбаға жүгіну мүмкіндігі бар.
 Сот отырыстарында аудио және бейне жазбаларын қолданғанда қысқаша хаттама жасалады, ол аудио және бейне жазба жеткізгіштерімен қоса іс материалдарына тігіледі. Аудио және бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Ережеге сәйкес, сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ету, аудио және бейнежазба құралдарын қолдану, аудио және бейнежазбаны сақтау және жоюды сот отырысының хатшысымен жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілген.
 Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио және бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеріп, анықтап алады. Сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда оны қолданбаудың себебін сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы судьяға баяндайды. Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарының техникалық ақаулықтары туралы кеңсе меңгерушісін хабардар етеді, ол өз кезегінде облыстық және оған теңестірілген соттардың ақпараттық технологиялар бойынша бас маманына хабарлайды.
 Аудио-бейнежазба құралдарын қолдануға мүмкіндіктің болмауы сот отырысын жалғастыруға кедергі келтірмейді. Егер техникалық ақаулықтар салдарынан сот отырысы барысының аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттама жүргізуі мүмкін болмаса немесе сот отырысының аудио және бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, арнайы акт жасалады. 
Қылмыстық процесстік кодекстің 347-1-бабы 2, 3 – бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі талқылауды аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы соттың құрамын көрсетіп және сот талқылауының барысында ғылыми-техника құралдарын қолданғаны жөнінде жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.Сот процестерінде техникалық құралдарды қолданып, аудио-бейнежазбаларын түсіру сот отырысы хаттамасының сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио және бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда оған қатысатын адамдарға аудио және бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, бірақ олардың аудиобейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс делінген. Осылайша, сот жүйесінің әділ өтуі қадағаланады. Бұл, біріншіден, халықтың сотқа деген сенімінің артуына себепші болады. Сот процессі аяқталысымен қатысушыларға бейне және дыбыс жазбаны көшіріп беруге болады.
Қармақшы аудандық сотында  сот залдары аталған құрылғылармен толықтай жабдықталған. Ұлт жоспарының 20-шы қадамына байланысты, сот процестерінің әділ өтуі үшін барлық сот мәжіліс залында бейне және аудио жазбалар орнатылған.
Сот отырыстарында аудио және бейнежазбаны қолданудың артықшылығы өте көп. Сот процестеріне аудио-бейне жазбаларын енгізу - заң үстемдігіне негізделген, сот төрелігінің уақыт сынына жауап беретін көрнекті нәтижесі десек, артық емес. Аудио және бейне жазбаларын қолдану сот төрелігін жүргізу процесін жылдамдатып, сот өндірісін автоматтандырады және тиімді ете түседі.
Ербол Мәтжанов
Қармақшы аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі
12 сәуір 2018 ж. 1 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031