» » Тарихы терең мамандық

Тарихы терең мамандық

qarmaqshy-tany.kz Хатшы қызметінің тарихы сонау тереңнен бастау алады. Өткеннен алынған сабақтың болашаққа бағдар болуында хатшылық қызметтің маңызы зор. Соны түсінген хандар мен билеушілер кезінде жанынан жылнамашыны тастамаған. Ерлікті – мұра, билікті – өнеге ету үшін заманының таңдаулы оқиғаларын тасқа басып, тарихта қалдыруды жылнамашыларға тапсырған. Өз дәуірінің айтулы оқиғаларының айна-қатесіз, ұрпақтан ұрпаққа өзгертілмей қаз-қалпында жетуі осы хатшылардың жазу шеберлігі мен зердесіне байланысты болды. Сол жылнамашылардың маңызды қызметін бүгінде хатшылар лайықты жалғастыруда. Соның ішінде сот тарихын түзетін, сот хаттамаларын дайындайтын сот хатшыларының қиын да жауапты жұмысы туралы айтпай кетуге болмайды.
Сот отырысы хатшыларына да қойылатын міндет пен талап аз емес. Олардың қызметтік функциясы тараптар күнделікті куә болып жүргендей тек сот залында отырып хаттама түзумен шектелмейді. Сот отырысының ортақ тәртіпке сай, ешбір кедергісіз өтуі тиянақтылықты, жауаптылықты қажет етеді. Сот залындағы мінсіз қызмет сот хатшылары атқаратын жұмыстың беткі, тараптарға көрінетін жағы ғана. Ал көпшілік біле бермейтін қызметі бұдан гөрі ауқымды. Соның ішінде сот отырыстарын ұйымдастыру, сот қатысушыларын шақыру, олардың әр процеске кешікпей келуін қамтамасыз ету, сот отырыстарында тәртіптің бұзылмауын қадағалау сот отырысы хатшыларының негізгі міндеттерінің бірі. Төрелік алаңына келгендер сотқа байланысты сауалдарының жауабын хатшыларынын алады. Мұның өзі хатшыларды құқықтық жақтан білімін үнемі жетілдіріп отыруға, сауалдарға нақты жауап беруге итермелейді.
Сот отырыстарында небір даулы істер қаралады. Ел білетін, жұрт қадыр тұтатын азаматтардың да сотқа ісі түсуі әбден мүмкін. Сот отырыстары ашық  өтеді дегенімізбен, мемлекет тарапынан шектеу қойылатын істер де сот хатшыларының қатысуымен жүргізіледі. Мұндайда сот алаңындаңы мәліметтердің, жеке басқа қатысты құпиялардың сыртқа шығып кетпеуі, көпшілікке таралмауы маңызды. Осыны ескере отырып сот хатшылары процесс барысында өзіне белгілі болған мәліметтерді көпшілікке таратпау міндетін басшылыққа алады.
Сот отырысының хатшысы сонымен бірге хаттаманың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді. Өйткені, бұл сот алаңында қаралған әрбір істің ресми жылнамасы. Әрине, хаттама дайындаудағы бұрынғы қиындықтардың барлығы қазір артта қалды. Жаңа технологиялар енгізіліп, сот отырыстары толықтай дыбыс-бейнетаспаларға жазылатындықтан хатшыларға енді қатысушының сөзін хатқа тізіп, толық хаттама әзірлеудің қажеттілігі жоқ. Бүгінде тек қысқаша хаттама жазылып, мұрағатқа таспамен бірге сақталады. Сот хатшысы хаттамадағы мәліметтерді бұрмалауға, қате деректерді енгізуге қақысы жоқ. Бұл үшін арнайы жауаптылық қарастырылғанын ұмытпауымыз керек. Сот отырысының қатысушылары кез келген уақытта осы таспаны сұратып, сот отырысын көріп таныса алады. Мұндай жаңашылдық сот хатшыларының жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан құтқарды. Өз бетінше ізденуіне, тәжірбиесін шындауына ықпалын тигізді.
Қармақшы аудандық сотының жетекші маманы А.Жақыпбек
28 қазан 2022 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 221

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930