» » ХАТШЫЛЫҚ – МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТ

ХАТШЫЛЫҚ – МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТ

Сот отырысының хатшысы маңызды сот процесі болып табылады. Бірде-бір процесс оның осы субъектінің қатысуынсыз өтпейді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот отырысының хатшысы сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, бірақ бұл ретте сот төрелігін іске асыру жөніндегі функцияны орындамайтын және судьяны алмастырмайтын іс жүргізу тұлғасы болып табылады.
Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады.
Хатшы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың әрекеттері мен шешімдерін, сот отырысына қатысушы барлық адамның өтініш-хаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға, сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға, төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға, жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізілген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады. Ауыртпалыққа қарамастан, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне мұқият және жауапкершілікпен қарауы керек. Соттың жұмысы мен имиджі сот отырысы хатшысының дұрыс ұйымдастырылған жұмысына, оның жауапкершілігі, сауаттылығы мен адалдығына байланысты.
Е.ЕСХАНОВ,
аудандық соттың басмаманы сот
отырысының хатшысы
26 қазан 2024 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930