» » БАЛАНЫҢ ӘЛ АУҚАТЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

БАЛАНЫҢ ӘЛ АУҚАТЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ


Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Балалары» республикалық акциясы аясында «Балалар Үні» күнтізбелік күніне орай «Баланың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» тақырыбында Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Пірназаров Нұржұман Пірназарұлымен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты- «Қазақстан Балалары» республикалық акциясы аясында мемлекет үшін балалық шақ мәселелерінің маңызды екенін қоғамға ұғындыру және оны мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде көрсету болып табылады.

Кездесуді №250 мектеп- лицейінің бітіруші түлегі мектеп-лицейінің белсендісі, Орынбасар Ердәулет жүргізіп отырды.
Халық мүддесін жоғары қойып, болашағымыздың жарқын болуына, өңіріміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген абзал ағаларымызға сөз кезегі беріліп, балалық шағы жайлы сыр сұхбат өткізілді.

Кездесуде №105 мектеп-лицейінің жас таланттары Базарбай Анель мен Ғалымжанқызы Райяна және №250 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Айболқызы Күнайым әннен шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар сөз соңында Орынбасар Ердәулет өзінің төл туындысы «Адастырма Арманым» атты шығармашылық кітабын кездесу қонақтарына сыйға тартты. Халықаралық балалар күні аясына орай ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар көтеріңкі көңіл күймен тарқасып, естелік фотоға түсумен аяқталды.

27 мамыр 2025 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30