» » ҰРПАҚҚА ТӘРБИЕ БЕРУ – ҚОҒАМ МҰРАГЕРЛЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ

ҰРПАҚҚА ТӘРБИЕ БЕРУ – ҚОҒАМ МҰРАГЕРЛЕРІН ТӘРБИЕЛЕУ

Қазақ халқы қай уақытта болсын бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Баланы дұрыс бағытта тәрбиелеу – ұлт болашағы мен ел ертеңін қалыптастыру деп санаған. Бала тәрбиесі жанжақты, үздіксіз және демалыссыз қадағалауды қажет ететін, құндылығы мен өзектілігін жоймайтын баршамызға ортақ мәселе.
Жақында кенттегі №250 мектеплицейінде аудандық прокуратура, аудандық полиция және аудандық білім бөлімінің жауапты сала басшылары, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен кездесу өтті. Жиында қоғам мәселесіне айналған кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде кеңінен сөз қозғалды.
Кеңесте аудандық прокуратураның аға прокуроры Еркін Мусаев, білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Оспан Ешжанов көтерілген мәселе төңірегінде атқарылған жұмыстарға арнайы тоқталды.
Аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы Мағауия Әлиев тәртіп мәселесіне жайбарақаттық танытпай, балаларды заман ағымына сай саналы тәрбие, сапалы біліммен қамтуға бүкіл қоғам болып қызмет етуге шақырды.
Ал №250 мектеп-лицейінің үздік оқушысы Ердәулет Орынбасар оқушылар атынан сөз сөйлеп, еліміздің біз секілді болашақ жастарына білім алуға, қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалып жатқанын айтып, ендігі жерде жастар тарапынан берілген терең білім мен заманауи озық идеяларды іске асырып, бар күш-жігерді елдің өсіпөркендеуіне жұмсау керек екенін жеткізді.
Жиын соңында білім бөлімінің басшысы ата-аналар мен мектеп басшыларына оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, сабақтан тыс кезде үйірмелерге қатыстыру керегін сөз етті. Сонымен қатар балалардың интернет желісін дұрыс пайдалану, түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, көлік басқармау, жолда жүргенде абай болу, тағы басқа да тыйым салынған орындарға бармау керегін түсіндіріп, балалар қауіпсіздігі қашанда назарда екенін ескертті.
«ҚТ» ақпарат
02 мамыр 2025 ж. 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 684
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031