» » Қазақпын деп кең әлемге мақтанам

Қазақпын деп кең әлемге мақтанам

Қазақпын деп кең әлемге мақтанам,
«Соғыс» салқын естіледі құлаққа.
Соғыс жайлы ән де айттық жылап та,
Біз соғысты көрген жоқпыз дегенмен,
Сол қайғыны ұмытпадық бірақ та.
Ұмытпадық, ұмытпаймыз сендерді,
Ұмытпадық қан төгілген жерлерді.
Ұмытпадық, ұмытуға хақым жоқ.
Ет жүрегі «елім» деген ерлерді.
Сол ерлерім елге қиған жанын да,
Беріктік бар намыс, жігер, арында.
«Алаш» деумен атқа қонған қазақтың,
Қайсар мінез бар ғой ата қанында.
Қасиетті, қайсар қазақ бірімін.
Мен құрбаны атадәстүр, тілімнің.
Алатаудай асқар ұлы халқымның,
Бауыржандай мен батырдың қызымын.
Қазақпын мен, дауыл болып борадым,
Сен фашисті ажал оққа орадым.
Рейхстаргқа туын тіккен Жеңістің,
Рахымжанның қарындасы боламын.
Батыр, батыл қазағымның ұлқызы,
Маңдайына біткен жарық жұлдызы.
Гүлдей нәзік жанын қиған халқы үшін,
Әлия мен Мәншүктің мен сіңлісі.
Батырларым ел үмітін ақтаған,
Болашаққа нық сеніммен аттанам,
Дәл осындай асылдардың ұрпағы,
«Қазақпын» деп кең әлемге мақтанам!
Гүлнұр БЕКТҰРАРҚЫЗЫ
27 сәуір 2025 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 209
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031