» » » Мұңлы күннен сыр шерткен сурет

Мұңлы күннен сыр шерткен сурет

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда бей маза күн кешіп жүрміз. Ішер ас, киер киім таппай қаламын деген қорқынышқа бой алдырмаймыз. Күнделікті күйбең тіршілікпен әр күніміз өтуде. Ал осы бейбіт күннің қадірін біліп жүрміз бе?
Суретке көз жүгірте отырып автордың шеберлігіне таң қаласың. Өткен күннің елесін еске түсірер терең мағыналы сурет. Бұл күндері шалқып-тасып өмір сүріп жүрген заманның бізге қандай қиындықпен жеткенін еске алуды ұмытып бара жатқандаймыз.
Соғыс... Бұл сөзді естісек жанымызды бір жәудір мұң жегідей жейді. Сол сұрапыл шайқастың алып келген қасіреті аз емес. Қан майданда ержүрек батырларымыз жанын беруге дайын болды. Қолына қару алып, ажалға қарсы жүгірген майдангердің талайы оққа ұшты. Соғыс ешкімді де аямады. Қалың жаудың көзіне тура қарап, көзін жою үшін қанды ұрысқа аттанғандар арасында нәзік жанды қыздарымыз да болды. Елі мен жерін өзгенің алақанына кім берсін? Барлығы да соғыс алаңында Отаны үшін алысты. Тыныш жатқан ел ішіне жау келіп, қаншама жұртты аяусыз қырып-жойды. Ел ішіне тыныштық орнаған соң да қанша батыр ес жия алмай кетті. Қалған түнін оқ пен зеңбіректің жаңғырығынан ұйқысыз өткізді. Осы зұлмат соғыстың қасіретін салмақтай алып жүрміз бе?
Сан мың адамның көлдей төгілген қанының арқасында келген Жеңісті тек 9 мамырда ғана еске аламыз. Миллиондаған адамның тағдырын күл-талқан қылған соғысты естен шығарып, қазіргі бақытты өмірімізге шағым айтатын кездер де жоқ емес. Елі мен жері үшін жанын қиған батырларымызды де ұлықтап, арамыздағыларға көмек қолын созуды ұмытып кетіп жатамыз. Алайда еш алаңсыз күн кешіп жүргеніміз сол батырлардың арқасы. Аспаннан жаңбырдай жауған оқ астында ажалға қарсы тұрып, жау көзіне тайсалмай қараған батыр бабамыздың арқасында жеткен күннің қадірін біліп жүрміз бе? Отанын қорғаймын деп майданға аттанғандардың із-түссіз жоғалып, хабар-ошарсыз кеткені қаншама.
Бейбіт күннің шуағын сыйлаған әр майдангер бабаға мәңгілік қарыздармыз. Батырлардың есімін қайта тірілтіп, мақтан тұту – бұл біздің пенделік парызымыз.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
26 қараша 2019 ж. 2 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031