» » Тәуелсіздік елім - Қазақстаным!

Тәуелсіздік елім - Қазақстаным!

qarmaqshy-tany.kz Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде, барлық сыныптарда «Тәуелсіздік елім - Қазақстаным!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.
Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз.
Міне, бүгінде біз болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық қадам басып келеміз. Егемендіктің ашық аспаны астында алшаңдай басып, отыз бір жылды артқа тастадық. Бізді бұл бақытқа жеткізген ата – бабаларымыздың, аяулы арыстарымыздың еркіндік үшін күресте төгілген қаны, солардың жанқиярлық ерлігі!
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі ел
Айта бергім келеді, айта бергім
– деп Жұбан ақын жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымыз! Ежелден аңсаған еркіндіктің туы жоғары, елдігі берік болсын!
18 желтоқсан 2022 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930