» » » "Мен қазақпын" жобасының аудандық іріктеу кезеңі өтті

"Мен қазақпын" жобасының аудандық іріктеу кезеңі өтті

"Мен қазақпын" жобасының Қызылорда облысының аудандарындағы іріктеу кезеңі бүгін Қармақшы ауданында өтті. Жүз шайыр шыққан өлкедегі өнер додасында ауданның әр елді-мекенінен келген әнші, күйші, жыршы-термешілер бақ сынады. Белгілі жырау Бидас Рүстембеков, ақын, сазгер Жарқынбек Тұрымбетов және "Qyzylorda" телеарнасының режиссері Жансая Ұланқызы байқауға қазылық етті.
Бидас Рүстембеков: "Бұл мегажоба танылмай жүрген таланттардың бабын ұштап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Әсіресе, жүз шайырды түлеткен киелі өлкеде іріктеу кезеңінің ұйымдастырылуы айрықша маңызға ие. Өйткені сол жыр қазанын қайнатқан тектілердің ізін жалғаған жастардың өнерін паш етуге ерекше мүмкіндік туып отыр".
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Ғалымжан Шакизада "дәстүрлі ән" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал Әділбек Сүлейменов терме айтудан озық шықса, Берік Аққалиев күйшілер арасында топ жарды.
15 маусым 2018 ж. 1 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 530

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930