СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ ТЫНДЫРЫМДЫ ІСТЕР
Аудандық сот кезекті баспасөз конференциясын өткізіп, биылғы жылдың І тоқсанын қорытындылады. Сот төрағасы Қуаныш Мыханов сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына есеп берді.
Қылмыстық істер бойынша биылғы жылдың І тоқсанында өткен жылдан 4 іс қалдықта қалып, 15 адамға қатысты 13 қылмыстық іс түсіп, 13 адамға қатысты 13 қылмыстық іс аяқталып, 6 адамға қатысты 2 қылмыстық іс сәуір айына қалдыққа қалған.
Өткен жылдың І тоқсанында 18 адамға қатысты 15 қылмыстық іс түсіп, 16 адамға қатысты 13 қылмыстық іс аяқталып, 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс сәуір айына қалдыққа қалған.
2024 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда, биылғы жылдың І тоқсанында қылмыстық істердің түсу көрсеткіші 2 іске, адам саны 3-ке, аяқталған істер саны тең болып, адам саны 3-ке азайған.
Азаматтық істер бойынша осы жылдың І тоқсанында азаматтардан барлығы әртүрлі нысандағы 238 арыз, 7 іс түскен. Соның ішінде 175 арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, 19 сот бұйрығы, 79 шешім шығарылып, соттылықпен 3 іс жолданып, 37 іс тоқтатылып, 32 іс медиация тәртібімен қаралып, 1 жеке ұйғарым шығарылып, 19 іс қараусыз қалдырылған. Есептік кезеңде барлығы 157 іс аяқталып, 63 іс келесі тоқсанға қалдыққа қалған.
2024 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың 3 айында арыздардың түсу көр сеткіші 23-ке, түскен арыздар бойынша қозғалған істер 32-ге, қабылданған шешім 17-ге, сот бұйрығы 17-ге көбейсе, аяқталған істер 16-ға көбейіп, тоқтатылған істер 9-ға, медиация тәртібімен қаралған істер 12-ге, қараусыз қалдырылған істер 9-ға азайған.
Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша 2025 жылдың І тоқсанында соттың өндірісіне 121 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс түскен. Түскен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің ішінде 6-уы біріктіріліп, 104 адамға қатысты 104 іс қаралған. 82 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 22 адамға қатысты тоқта тылған. 2 жекеше қаулы қабылданып, 4 іс мәні бойынша жолданған, 7 іс келесі айға қалдыққа қалдырылған.
2024 жылдың 3 айымен салыстырғанда биыл ғы жылдың І тоқсанында әкімшілік істердің түсу көрсеткіші 38 іске, әкімшілік жаза қолдану көрсеткіші 20 іске, өндірістен тоқтатылған істер бойынша 9 іске азайған.
Барлығы татуласу тәртібімен 34 азаматтық іс, 15 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс медиация тәртібімен аяқталған. Істер 100 пайыз аудио-бейне жазба арқылы қаралған.
Есепті мерзімде әкімшілік құқықбұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100 пайызы электронды нұсқада түсіп қаралған.
Сот төрағасы Қуаныш Мыханов баспасөз кон ференциясын қорытындылай келе сот жүйесі төңі регінде қойылған барлық сұраққа жауап беріп, одан әрі сот ісін жүргізу жетіле түсетінін тілге тиек етті.
Ерсін СӘДУҰЛЫ