» » Алимент төлеуден жарталған ата-ананың жауапкершілігі

Алимент төлеуден жарталған ата-ананың жауапкершілігі

«Алиментті төлемеу қылмыстық жауапкершілікті көздейді»
Алимент десе, көзімізге «қашқын әкелер» елестейді. Өз баласын асырап бағуға қажетті қаражатты төлемеу заңға да, адамгершілік қағидаға да қайшы әрекет. Мәселен, егер адам жұмыссыздықтан алимент төлемей жүрген болса, ол өзінің тұрғылықты жері бойынша «Жұмыспен қамту» орталығына тіркелуі тиіс. Бұдан кейін орталық оған жұмыс табуға әрекет жасайды. Ал жұмыс табылған жағдайда борышкер одан бас тартпағаны абзал. Өйткені мұндай ұсыныстан үш рет бас тартқан алимент төлеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-­ақ елден шығуға тыйым салынып, жүргізуші куәлігінен де айырылуы мүмкін. Банктегі есепшоттары бұғатталып, түрлі мүліктік операциялар жасалады. Бұл шаралар борышкерге әсер етпесе, іс қылмыстық сотқа кетеді.
Нәтижесінде, борышкердің белгілі бір жылдарға бас бостандығынан айырылуы да ғажап емес. Сосын бүгінгі таңда алимент төлемей қашып жүргендерге қатысты сот шешімдерінің орындалуын жүзеге асыру жеке сот орындаушыларына жүктелген. Ал алимент тағайындау сот арқылы шешіледі. Оның көлемі бала санына қарай жалпы кіріс мөлшерімен есептеледі. Сонымен қатар, алимент ата-­аналардың келісімі бойынша өндіріледі.
Алименттің көлемі тараптардың отбасы немесе материалдық жағдайының өзгеруіне орай көбеюі немесе азаюы мүмкін. Сондай­-ақ алиментті мүлік түрінде де ұсынуға немесе бір реттік ақшалай түрінде де беруге болады. Тағы бір айта кетерлігі, егер бала кәмелетке толғанымен оқып жүрсе, 21 жасқа дейін алимент алуға құқылы. Жұмыссыздық сылтау емес. Соңғы үш жылда шаңырақ көтергендер мен ажырасқандардың есебін шығарған ҚР Статистика агенттіктің мәліметтеріне көз жүгіртсек, жылына шамамен 150 мың жас отау қатарға қосылса, шаңырағы шайқалғандардың саны 50 мыңнан асып жығылыпты. Ал енді осы ажырасқандардың арасында қанша баланың толыққанды отбасында өмір сүру құқығы бұзылғандығын есептеудің өзі қорқынышты. Орта есеппен ажырасқан әр отбасында екі бала бар десек, жыл сайын 100 мың баланың тағдыры тәлкекке түседі екен. Ажырасу жөніндегі талап­арызға төрелік ететін судьялар да неке бұзу ісінің ең қиын әрі күрделі кезеңі балаға қатысты шешім шығару екенін жиі айтады. Өйткені көп жағдайда таразының бір басындағы бала құқығынан, екінші басындағы ерлі­ зайыптылардың ажырасу құқығы басым түсіп жатады.
Мұның сыртында балаға алимент өндіру мәселесі де ушығып тұр. Рас, алимент туралы сөз бола қалса, көз алдымызға қашқын әкелер келеді. Бәлкім, бұл елімізде отбасын асырап отырған жалғызбасты аналар санының көптігінен болар. Нақтырақ айтқанда,елімізде 450 мыңға жуық жалғызбасты ана бар.
Мамандар баласына қарыздар азаматтарды үш топқа бөледі. Біріншісі, себепті жағдайларға байланысты қарызға батқан ары таза борышкерлер болса, екінші санаттағылар өз міндетінен қасақана жалтарып жүргендер. Соңғысы, үмітсіз борышкерлер. Оларға жұмыссыздар, маскүнемдер, нашақорлар жатқызылған. Қылмыстың көбеюіне де осы соңғы топтағылар ықпал етуде. Дей тұрғанмен, топқа бөлу үрдісі борышкерлерді өз міндетін орындаудан босатпайды. Керісінше, заң шығарушы органдардың сан мәрте сүзгісінен өткен алиментке қатысты баптар бүгінгі таңда айтарлықтай қатайған. Тіпті қолданыс тағы заңдарымызда баласын күтіп­ бағуға қажетті ақыны төлеме­гендерді бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Дильназ Райымбекқызы Асылбекова,
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы

23 сәуір 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 629
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930