» » Алимент төлемеудің әлеуметтік салдары ауыр

Алимент төлемеудің әлеуметтік салдары ауыр

Ұлттық менталитетімізге жат болса да, бүгінгі күні біздің қоғамымызда ажырасу  көп. Балалы отбасылардың ажырасуынан кейін міндетті түрде алимент төлеу мәселесі шығады. Осылайша алиментке қатысты істер саны да жыл санап көбейіп келеді.
Қазіргі қазақ қоғамындағы мәселенің бірі – отбасындағы зорлық-зомбылық, соның ішінде ана мен бала құқығын қорғаумен байланысты болып тұр. Соңғы уақытта ел арасында резонанс тудырған оқиғалар заңға өзгерістер енгізу қажеттігін айқындай түсті. Біз тілге тиек еткелі отырған алимент мәселесі кісі өлтіру, адамға ауыр дене жарақатын салу, тонау секілді ауыр қылмыстар санатына жатпағанымен, зардабы олардан бір де кем емес, әлеуметтік салдары өте үлкен.
Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 138 – бабына сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Бұл міндетін атқарудан бас тартқан әке немесе ана әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазір ажырасқан ер адам өз баласына алимент төлеуден қашады. Себеі, біреулердің шын мәнінде алиментті түлеуге шамасы келмейді, жұмыссыз, тұрмысы тым төмен, ал екінші біреулері небір айла тауып, жауапкершіліктен қашып жүреді. Әрине, қазіргі уақытта жалақының төмендігіне байланысты алименттің де баланың күнделікті тұрмыс қажеттілігіне жетіп-жетпеуі екіталай.
Бірақ әке құшағын аңсап жүрген жазықсыз жасөспірімдерге алименттен гөрі, әкесі қымбат. Алимент әкенің мейірімін алмастыра алмайды! Соны түсінбейтін азаматтар «мен жұмыс жасамаймын, алимент төлеуге жағдайым жоқ» деп мейірімсіздігін, өз баласының тағдырына алаңдамайтынын аңғартады. Мұндай көзқарасты өзертіп, әкелер жауаптылығын арттыру.
Борышкерлерге ықпал етудің елеулі шаралары ретінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, рұқсаттар мен лицензияларға және көлік құралдарын айдауға уақытша шектеу қою қарастырылған, сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған жағдайда борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке  тартылады.
А.САПАРОВА,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

25 қараша 2024 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930