» » Бала алдындағы жауаптылықты ұмытпайық

Бала алдындағы жауаптылықты ұмытпайық

Бала отбасының қуанышы, мемлекеттің ертеңі. Еліміздің келешегінің жарқын, болашағының зор болуы осы балалардың тәлім-тәрбиесіне, алған біліміне, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігіне байланысты. Ал осындай адал да патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін әрбір отбасы татулық пен тыныштықтың, биік моральдың мекені болуы тиіс. Әкенің қамқорлығын, ананың мейірімін тең көріп өскен балалардың дамуында, өсуінде ешқандай ауытқушылық болмайды. Бір өкініштісі бүгінде елімізде  неке бұзу деректері жыл өткен сайын көбеюде. Ажырасудың соңы алиментке байланысты үлкен мәселелер.
Ажырасу, некенің бұзылуы ешбір ата-ананы бала алдындағы жауаптылытан босатпайды. Өйткені, неке бұзылып, ата-ана ажырасқанмен, бала үшін әкесі мен анасының рөлі, өмірдегі орны өзгермейді.
Ол үлкендерден  көмек, жылу күткенде бәрібір өзінің анасын, әкесін іздейді. Өкінішке қарай, баласының мұндай халін ажырасқан ата-аналар түсіне бермейді. Содан болар, баласына моральдық қолдау көрсетпек түгілі, сот актісімен міндеттелген алиментті уақытылы төлегісі келмейтіндер қатары азаймай түр. Дүниеге әкелген перзентті оқыту, жетілдіру және күтіп-бағу – ата-ананың басты парызы. Алимент төлеуден қашқандардың көпшілігі балаларының мұқтаждықтарына мән бермей, ұл-қызының киіну, тмақтану, мектепке немесе балабақшаға бару керек екенін ескермейді. Өз баласын материалдық қамтамасыз етуден қашу – адамдыққа тәне қасиет емес.
Біздің елімізде ана мен баланың құқығын қорғау басты орында. Сәйкесінше балаға алимент төлемегендерге де заң қатал. Мәселен, борышкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 – бабымен және Қылмыстық кодекстің 139-бабымен жауапкершілік көзделген.
Дегенмен әке құшағын аңсап жүрген жазықсыз жасөспірімдерге алименттен гөрі, әкесі қымбат. Алимент әкенің мейірімін алмастыра алмайды! Соны түсінбейтін азаматтар «мен жұмыс жасамаймын, алимент төлеуге жағдайым жоқ» деп мейірімсіздігін, өз баласының тағдырына алаңдамайтынын аңғартады. Мұндай көзқарасты өзертіп, әкелер жауаптылығын арттыру.
Борышкерлерге ықпал етудің елеулі шаралары ретінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, рұқсаттар мен лицензияларға және көлік құралдарын айдауға уақытша шектеу қою қарастырылған, сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған жағдайда борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке  тартылады.
 Г.Абуова,
аудандық сот әкімшісінің жетекші
маманы 
05 желтоқсан 2024 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031