» » ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ!

Статистикалық мәліметтерге сәйкес биылғы 3 айда аудан көлемінде 4 жол апаты 2024 жылдың 3 айымен салыстырғанда екі есе өсім алған. Бұл оқиғалардың салдарынан 9 (2024 жылы – 5) адам зардап шексе, оның 6 адамы (2024 жылы – 4) дене жарақатын алып, 3 адам (2024 жылы – 1) қаза болған.
Жоғарыдағы мәліметтерден жол апатының және оның салдарының екі есеге өскенін байқауға болады. Қайғылы жағдайлардың орын алуына әртүрлі табиғи және адами факторлар ықпал етеді. Көп жағдайда адамдардың жол қауіпсіздігіне салғырт қарауы жағымсыз салдарға әкеп соғуда. Олар: жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы, озу тәртібін бұзуы, жол белгілері талаптарын ескермеуі, қарсы бағытқа шығуы, жолаушылардың жолға шығып кетуі сияқты немқұрайлылық нәтижесінде орын алатын жағдайлар. Бұдан бөлек қараусыз жүрген малдар да жолдағы қайғылы жағдайларға себеп болуда. Яғни жайылымға қараусыз айдап жіберген малдар жол жиегінде жайылып, өз бетінше жүргендіктен кенеттен жолға шығып, көп жағдайда жүргізушілердің дер кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануына мүмкіндік бермеуде. Бұл санаттағы оқиғалардың орын алуына тағы бір маңызды нәрсе ол – ауа райының қолайсыздығы. Күз және қыс мезгілдерінде ауа райының күрт өзгеретінін ұзақ жолға шығар алдында міндетті түрде ескеру қажет. Қарлы боран, қалың тұман және мұздақты жағдайлар қыстың табиғи ерекшелігі болғандықтан, оған автокөлік толық дайын болуы тиіс. Бұл дегеніміз автокөліктің қозғалтқышы, жүру бөлшектері мен тежегішінің жұмыс жағдайында болуы, тұманға қарсы және басқа да ескерту шамдарының толық істеуі дөңгелектердің мезгілге сәйкес ауыстырылуы, тағы басқа. Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің ауданымыздан өтетін тұсының екі жолақтығы да ескеретін мәселе. Міне осы мәселенің барлығы да жол жүру кезінде естен шығаруға болмайтын маңызды факторлар болып табылады.
Жолдағы апаттар мүліктік шығыннан бөлек адам өміріне қауіп төндіріп, мүгедектікке немесе қазаға ұшырататын қайғылы жағдайға душар етеді. Бұл өз кезегінде бір адамның ғана емес түгел отбасының өмір салтына кері әсер ететіні анық. Сондықтан құрметті жол қозғалысына қатысушылар аталған мәселе бойынша Сіздерді жол жүру кезінде барынша мұқият болып, барлық қауіпсіздік шараларын қолдануға шақырамыз. Сонымен қатар мал иелерінен өз малдарыңызды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ қараусыз жүрген малдың жол-көлік оқиғасына себеп болуынан сізге мүліктік зиян келіп қана қоймай, басқа бір тұлғаның өміріне қауіп төндіретінін естен шығармауды сұраймыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
21 сәуір 2025 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

№37 (10405)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (10404)

17 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 798
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031