» » ЕҢБЕКШІ АНАЛАР – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

ЕҢБЕКШІ АНАЛАР – ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай жыл басынан бері түрлі тәлімді іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай істердің нәтижесінде еңбек адамдарына деген құрмет артуда. Президент өз сөзінде «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда сый-құрметке лайықты. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, себебі кез келген еңбек – қадірлі!» деген болатын. Осындай еселі еңбегімен ел анасына айналған жандар арамызда жетерлік.
Солардың бір парасына «Amanat» партиясы аудандық филиалының және Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің, «Жаңажол» ЖШС-нің қолдауымен, клуб үйінің ұйым дастыруымен «Руханият» орталығында «Есімі елге белгілі арулар – мәңгі ел гүлі» атты жұмысшы аналармен кездесу өткізілді.
Кездесу кешіне аудандық мәс лихат төрағасы, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов, ардагерлер кеңе сінің төрағасы Асқар Мереков, әйеланалар кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, іскер және түрлі салада еңбек еткен жұмысшы әйелдер қатысты.
Тағылымды іс-шара ауыл аналарының «Руханият» орталығына тартуы ретінде шашу, тойбастар әнімен бастау алды. Жұмысшы аналар музей жәдігерлерімен, аудан тарихымен танысқан соң мәжіліс залында мәдени іс-шара жалғасын тапты.
Құрмет төрінен тағылымды тарихта есімдері алтын әріппен жазылған Тұмар ханым, Домалақ ана, Бопай, Зередей аналарымыздың өнегесін өн бойына жинап, бақытын еңбектен тапқан Еңбек Ері Сәлимадай аналардың ізін жалға ған тракторшы ардагер аналарымыз орын алды. Нақтырақ тоқ талсақ, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен «Озат еңбегі үшін» медалінің иегері, 1976 жылы КПСС ХХV съезінің делегаты, ІІІ, ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің 2 күміс, 1 қола медалімен наградталған, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Бибігүл Әбішева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, бүкіл одақтық «Паша Ангелина» атын дағы сыйлықтың иегері Күләнда Байсейітова және еңбекпен өмірі өрілген Жақсылық Шайкенова, Алтынкүл Жақыпова, Гүлзада Жұба нова, Малике Қошанова, Тынымкүл Рүстемованың еңбек жолы таныс тырылды.
Бұл аналарымыз «затым әйел, жаным нәзік» демей қара жұмыспен қатайған гүлдей нәзік, болаттай берік жандар. Елдің ертеңі үшін еңбек еткен жұмысшы аналардың әрбірі құрметке, салтанатты сәтке әбден лайық.
Кеш тізгінін алған аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева қоғамдағы еңбекші аналардың рөлін айта келе, жиынның басты мақсатына тоқталды.
– Бүгінгі кездесудің түпкі мақсаты – әр саладағы нәзікжан дардың кәсіпқойлығын, олардың қоғамдағы жауапкершілігі мен еңбегін дәріптеу. Бүгінде ұрпағы рухани жаңғырып, жырауы жыры мен жан жібіткен, болашаққа қарышты қадамдарымен тін тартқан сүлейлер елі ұрпақтарының аналарға жасалған құрметі, көрсетілген қошеметі, ана сөзінің абырой асқақтығын танытып келеді, – дей келе, сөз тізгінін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мерековке ұсынды.
Аудандағы қайсыбір келелі істің басы-қасында жүріп, үлкендік ақылын айтатын ақсақал еңбек төріндегі аналарға жылы лебізін білдірді.
– Бүгін еңбек адамына деген құрметтің бір парасын ғана көріп отырмыз. Себебі әлем бойынша 2000 мамандық бар екен. Бірақ осының ішіндегі механизатор мамандығы кезінде ер адамға ғана тән қызмет болса, осыдан біршама уақыт бұрын нәзік қыздарымыз осы мамандықты меңгеріп, шаруашылықтың түрлі саласында айтулы еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы шаруашылықта бел шешпей еңбек етіп, бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырсыздар. Есімдеріңіз тарихта қалып, жастар сіздерге қарап бой түзейді. Биылғы атаулы жылдың арқасында жұмысшы мамандықтың қадірін түсінетін ұрпақ буыны қалыптасып жатыр. Елде бірлік болуы үшін адамдар бір-біріне жақсылық сыйлауы керек. Халықта алға қарай ұмтылыс болса, ел кедей, халық несібесіз болмайды. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бүгінде нәтижесіз емес. Шаруашылық жұмысы ширығып, қуаттанып келеді. Оған өздеріңіз де куә болып келесіздер. Осы бақтарыңыз еселене берсін! – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Сондай-ақ жиында «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов, «Жаңа жол» ЖШС директоры Орынбасар Төлепов тракторшы аналарды құттықтап, марапаттады. Кездесу ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Жаңажол ауылдық клуб үйінің өнерпазы Азамат Әлтаевтың орындауындағы «Бозторғай ана» әнін тыңдаған қонақтар мен қатысушылар аналарын ойлап, көздеріне жас алды. Ал ерекше би қойылымын ұсынған ауылдың биші қыздары көптің қошеметіне бөленді. Ал аудандық жыраулар үйінің үйірме жетекшісі Ақмарал Кішкентаева әуелете ән салып, жиналған жұртшылыққа керемет көңіл-күй сыйлады.
Кездесу соңында Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ІІІ, ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері Бибігүл Әбішева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, аналық ақ батасын жаудырса, «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Үрзахия Махамбетова сол шақтағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Жиын соңы естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
19 сәуір 2025 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930