» » Кәсіби маман ұлт сапасын арттырады

Кәсіби маман ұлт сапасын арттырады

Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Оның мақсаты – қоғамда адамдарды еңбекке ынталандыру, еңбек адамының мерейі үстем болатынын, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және кәсіби маман болуға үндеу.
Аталған мерекеге орай, кеше К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Мансап» орталығы аудандық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен еңбек жәрмеңкесі өтті. Оған 100-ге тарта жұмыссыз аудан тұрғындары мен жастар қатысты.
Іс-шараны «Мансап» орталығы аудандық филиалының директоры Орынбек Мұнарбаев ашып, қатысушыларды Еңбек күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Ол осы тезисінде «... Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады...» деген болатын.
Жәрмеңкеге жалпы саны 13 мекемеден, атап айтқанда «Қармақшы құс» ЖШС, аудандық ветеринариялық стансасы, «Оазис» кафесі, сонымен қатар №250, №105, №183, №111 мектептер мен тағы басқа ұжымдардан, оның ішінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 30 бос жұмыс орны ұсынылды.
Жұмыс ұсынушылар арасында психолог, пән мұғалімі, еден жуушы, электр жабдықтарын жөндеу слесары, электромеханик, шаруашылық меңгерушісі, әдіскер, оператор, аспазшы мамандықтарына сұраныс жоғары болды.
Жәрмеңкеге келіп, тұрақты жұмыс көзін тапқан жанның бірі, Жосалы кентінің тұрғыны – Бауыржан Дәулетбаев. Ол осыған дейін сыртта қатынап жұмыс істеген.
– Жұмыссыз ретінде тіркелгенмін. Отбасылымын. Кешеге дейін сыртқа қатынап жұмыс істеп жүрдім. Өз үйіңнен кіріп-шыққанға ештеңе жетпейді. Әсіресе отбасылы адам үшін. Жәрмеңкенің арқасында Жосалы кенті әкімі аппаратының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тұрақты жұмысқа орналасып жатырмын. Өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз, – дейді ол.
Еңбек жәрмеңкесінің қорытындысында 5 адам тұрақты жұмыспен және 7 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа орналасты.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
30 қыркүйек 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10344)

05 қазан 2024 ж.

№78 (10343)

01 қазан 2024 ж.

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 182

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031