» » ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ҰРПАҚТАР ТАҒЗЫМЫ

ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ҰРПАҚТАР ТАҒЗЫМЫ


Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай батыр бабаларымызға арналған "Ұлы ерлікке ұрпақтар тағзымы" атты соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сұхбатында Жеңістің биылғы мерекесі Қазақстанның бірде бір азаматын бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Өйткені біздің елде сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы жоқ деуге болады. Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаhарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты - сақтау баршаға ортақ парызымыз - деп атап өтті. Кешімізге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары қатысты. Соғыс ардагері Бейсенбай Қуанышбайдың келіні Байымбетова Гүлмира, жауынгер Қаржаубаев Жұбан атамыздың келіні Жанаева Анар, майдангер Демесінов Таңсықбай атамыздың баласы Демесінов Алтынбек, ардагер Досымов Үміткәрім қатысып, батыр аталарымыздың естеліктерімен бөлісті.
С.Есқараев атындағы №27 мектептің 6, 7 сынып оқушылары, кітапхананың жас оқырмандары Ұлы Жеңіске арналған өлеңдерін оқыды. Көшеней Рүстембекұлы атындағы жыраулар үйінің қызметкері, жыршы Өтегенов Руслан жауынгер, ақын Ә.Егізбевтың "Майданнан хат" өлеңін орындады.
Бұл кездесу жастарға тарихи сананы қалыптастыруға, елжандылықты арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға зор үлес қосты.

16 сәуір 2025 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930