» » ҰЛЫ ЕРЛІККЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ

ҰЛЫ ЕРЛІККЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ


Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай батыр бабаларымызға арналған "Ұлы ерлікке мәңгілік тағзым" атты соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді.

Халық қаhарманы, қару мен қаламын қатар ұстаған ер жүрек батыр Бауыржан Момышұлы: Нағыз батырлар соғыста шейіт болғандар деп бекер айтпаса керек. Кешімізге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары қатысты. Соғыс ардагері Майқанов Нариманның қызы Майқанова Гүлнар, жауынгер Мереков Ермағанбет атамыздың баласы Мереков Асқар ағай, майдангер Іскендіров Бөкен атамыздың ұрпағы Іскендіров Айдынбек қатысып, батыр аталарымыздың естеліктерімен бөлісті.

Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің 8 сынып оқушылары, кітапхананың жас оқырмандары Ұлы Жеңіске арналған өлеңдерін оқыды. Кеш барысында кітапханашылардың орындауында "Катюша" әні, Көшеней Рүстембекұлы атындағы жыраулар үйінің директоры, жырау Ешбаева Әйгерім жауынгер, ақын Ә.Егізбевтың "Ауыл адамдарына хат" өлеңін орындады.

Сұрапыл соғысқа қанша жыл толса да, уақыт өткен сайын құны артып келе жатқан сол кездегі ерліктер жайлы білуіміз және бағалауымыз керек.

14 наурыз 2025 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930