» » БОЛАШАҚҚА САУ ТІСПЕН

БОЛАШАҚҚА САУ ТІСПЕН

Адам денсаулығы – баға жетпес байлық. Соның ішінде ауыз қуысының, әсіресе тістердің саулығы жалпы ағзаға үлкен әсер етеді. «Болашаққа сау тіспен» ұраны – әр адамды тіс күтіміне жауапкершілікпен қарауға шақыратын маңызды ұстаным. Сау тіс – салауатты өмірдің кепілі.
Тіс денсаулығы – адамның жалпы денсаулығы мен өмір сүру сапасының ажырамас бөлігі. Сау тістер адамның өзін-өзі сенімді ұстауына, дұрыс тамақтануына және жұқпалы аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Тіс ауруларының алдын алу қарапайым гигиеналық әдеттерден басталады. Оның ішінде: күніне екі рет тіс тазалау, қантты тағамдарды шектеу, тіс жіптерін пайдалану, жылына кемінде екі рет тіс дәрігеріне қаралу.
Стоматологиялық мәдениеттің қалыптасуы мектеп жасынан басталуы тиіс. Балаларға дұрыс тіс күтімін үйрету арқылы біз келешекте тіс ауруларының азаюына жол ашамыз.
«Болашаққа сау тіспен» ұраны – жай сөз емес, денсаулыққа деген қамқорлықтың көрінісі. Әр адам өз тісінің саулығын сақтай отырып, болашақта көптеген аурулардың алдын алады. Сау тіс – жарқын күлкі, сенімді келбет және ұзақ өмірдің белгісі.
Адам ағзасындағы әрбір мүше маңызды рөл атқарады, соның ішінде тістердің орны ерекше. Тіс – тек шайнау құралы ғана емес, ол адамның жалпы денсаулығына, сөйлеу қабілетіне де тікелей әсер етеді. Тісті күтіп ұстау – әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі.
Тіс күтімі – ауыз қуысын таза ұстауға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы. Дұрыс тіс күтімі көптеген стоматологиялық аурудың алдын алады. Оның ішінде: кариес, тіс тасы, пародонтоз, қызыл иек қабынуын айтсақ болады.
Ал енді тісті дұрыс күту жолдарына келсек. Бірінші кезекте тісті күніне екі рет тазалау қажет. Таңертең және кешке фторлы тіс пастасымен кемінде 2 минут тазалау керек. Сонымен қатар тіс щеткасын уақытылы ауыстыру, 2-3 ай сайын щетканы жаңалау қажет. Мұнан өзге тіс жібін (флосс) қолдану да тиімді болмақ. Ол тіс араларында қалған қалдықтарды тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ қантты және қышқылды тағамдарды шектеу де маңызды. Олар тіс эмалін зақымдап, кариес тудыруы мүмкін. Тұрақты түрде тіс дәрігеріне қаралуды жолға қойыңыз. Жылына кемінде екі рет профилактикалық тексеруден өту маңызды.
Балалар мен жасөспірімдерге тіс күтімін үйрету – стоматологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізі. Ерте жастан бастап дұрыс күтім жасау – болашақта тіс мәселелерінен арылуға мүмкіндік береді.
Тіс күтімі – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі. Ауыз қуысы аурулары тек тістерге емес, жүрек, асқазан, бүйрек сынды басқа да ағзаларға да әсер етуі мүмкін. Сол себепті әрбір адам тіс күтіміне мән беруі тиіс. Сау тіс – дені сау болашақтың кепілі.
Жадыра ТҰРАҚОВА,
аудандық емхананың дантисті
15 сәуір 2025 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 604
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930