АЗ ҚИМЫЛДЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Дене шынықтыру мәселелерінде білімді болу – дене белсенділігімен үздіксіз, тұрақты айналысып, салауатты өмір қалыптастыру болып табылады. Физикалық белсенділік – бұлшықеттің күші арқылы энергия жұмсайтын кез келген дене қозғалысы. Күнделікті қозғалыс, жаттығу нәтижесінде адамның ағзасы оттегімен жақсы қамтамасыз етіледі. Тыныс алу органдары мен ішек-құрылысының жұмысы қарқынды жұмыс істеп, жүрек қантамырларында тромбтың пайда болу қаупі азаяды, холестерин деңгейі төмендейді, жүрек қантамыр ауруларының алдын алады. Сондай-ақ, артық салмақ пен семіздіктің даму қаупі төмендейді. Иммунитетті нығайтып, қартаю процестерін кешеуілдетеді және өмір сүру ұзақтығын арттырады.
Деннің саулығы басты орында. Сол себепті үнемі дене белсенділігін арттырып, жаяу серуендеу, велосипед тебу, суда жүзу, бимен белсенді демалыспен айналысу қажет. Денені шынықтырудан тұрақты әсер алу үшін аптасына 45 рет тұрақты (мүмкіндігінше күнделікті), жүйелі түрде денсаулығы мен жасына сәйкестікпен айналысу керек. Жаттығу кезінде өзінөзі бақылап, жүрек соғуының жиілігін, артериалды қан қысымын өлшеу, дұрыс тамақтану, су ішу режимін сақтау маңызды.
Қазіргі кезде жастар мен жасөспірімдердің аз қимылдайтын өмір салтының себептері көбіне – компьютерлік ойындар, желідегі шексіз байланыс, жаяу жүруді айтарлықтай шектеу, жеделсаты, көлік қызметтерін пайдалану, дене шынықтыруға теріс көзқарас, қолайсыз климаттар, күн тәртібінің болмауы, созылмалы аурулардың болуы жатады.
Салауатты дағдыларды қалыптастыру үшін 2 сағаттан артық компьютер алдында отырудан аулақ болып, әр 2025 минут сайын көзге арналған жаттығулар жасау, дене белсенділігінің жүйелілігі, таза ауада жаяу жүру, пайдалы істермен бірге би немесе әртүрлі спортпен айналысу жеткілікті. Сонымен қатар 89 сағат ұйықтау, күнделікті кем дегенде 10 минуттық қарқынды жаттығулар жасау, эмоционалды көңілкүйді басқару, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, дұрысқарымқатынас жасап, жағымды орта қалыптастырып, тиімді тамақтанған дұрыс. Жаттығу кезінде табиғи материалдан жасалған ыңғайлы киім мен спорттық аяқ киім кию абзал. Жаттығудан кейін душқа түсу пайдалы болмақ. Болашақты бүгіннен бастап, салауатты өмірді қалыптастырайық!
Мереке БЕКОВА,
аудандық жастар денсаулығы орталығының маманы