» » Дене тәрбиесі денсаулықты нығайтады

Дене тәрбиесі денсаулықты нығайтады

Денешынықтыру, спорт және денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Экологиялық факторлардың әсері, заманауи өмір ырғағы, үнемі агрессивті, ашушаң адамдардың ортасында жүру адам ағзасын әлсіретеді. Сондықтан да ағзаның қорғаныш күшін нығайту өте маңызды. Оны дұрыс тамақтанып, түрлі мазасыздықты уақытында емдеп, алдын алу шараларын жүргізіп, иммунитетті нығайтатын іс-әрекеттер жасап, сонымен бірге физикалық белсенділікті сақтау арқылы іске асыра аламыз.
Компьютер, смартфондардың және басқа да құрылғылардың пайда болуы мен техникалық прогрестің орын алуы салдарынан адамның күнделікті өмірі мен жұмысы жеңілдеп,  соңғы он жылмен салыстырғанда физикалық белсенділігі немесе қимыл-қозғалысы бірден қысқарды.
Спорттың адам денсаулығына әсері ұшан-теңіз. Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады.
Оқушылар үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Қазіргі балалардың қимылының аздығы дәрігерлер мен педагогтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Заманауи медицина және педагогика спортты насихаттауға және қоғамның дене тәрбиесіне деген оң көзқарасын туғызуға барынша тырысып келеді. Мектептерде және жоғары оқу орындарында Денсаулық және Спорт күні өткізіліп тұрады. Өздеріңізге белгілі карантин уақытында дәрігерлер ауру белгілері байқалса бірден берілмей, түрлі жаттығу жасауға кеңес берді. Біз де қашықтан оқу кезінде оқушыларды үй жағдайында дене жаттығуларын жасауға бейімдеп, қадағалап отырдық. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері жыл сайын біліктіліктерін арттырып, сабақты қызықты әрі пайдалы өткізуге дағдыланған. Сондықтан оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы қай кезде де жоғары.  Дене тәрбиесі арқылы бала денсаулығы нығая түседі.
Нұрсұлтан ТӨРЕБЕКОВ,
№107 орта мектептің мұғалімі
22 қазан 2021 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 290

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930