» » Елімізде декреттік төлемдерге шектеу енгізілді

Елімізде декреттік төлемдерге шектеу енгізілді

Соңғы жылдары елімізде «декретке миллионмен» деген түсінік қалыптасқан еді. Әрине, бұл жоғары жалақы алатындар үшін қалыпты саналатын. Десе де жұмыс істемей, ақшаға қарық боламын дейтіндер де табылды. Кәсіп ашқан болып, ай сайынғы міндетті төлемдерді аударып, кейін миллион алып жатты. Десе де декреттік төлемдер ел ішінде түрлі алаяқтық схемалардың көбеюіне себеп болуда.
Бір қарағанда баланы да «бизнеске» айналдырғандай көрінеді. Ертеректе жөргекпұл болмаса да ұрпағымды жалғастырамын деп аналарымыз сәбиін өмірге әкелмеп пе еді? Ал қазір қалай? Жауапкершіліктен жұрдай болып, жақсы ақшаға иелік етсем болды деп ойлайтыны көңіл қынжылтады.
Иә, жақында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүктілік пен босану бойынша, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерді есептеу мен тағайындау тәртібін өзгертті. Жаңа өзгеріс 8 сәуірден бастап қолданысқа енетінін айта кетейік.
Бұған дейін декреттік төлемдердің нақты шектік мөлшері болмаған еді. Бұл жағдай ел ішінде түрлі алаяқтыққа себеп болған. Мысалы, 2024 жылы 113 қазақстандық әйел декреттік төлемдермен байланысты алаяқтық істер бойынша тергеуге алынған.
Жаңа ережеге сәйкес, декреттік төлем есептеу кезінде жалақы мөлшері 7 ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс. 2024 жылы ЕТЖ 85 000 теңге болғандықтан, есептеуге ең көп дегенде 595 000 теңге (85 000 × 7) айлық негіз болады. Осыған сәйкес, әйелдерге бір реттік төлем ретінде ең жоғары мөлшер – 2 249 000 теңге тағайындалады.
Бұрын бірнеше жерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алған әйелдер декрет кезінде 5 миллион теңгеге дейін төлем ала алатын, ал енді бұл сома шектеліп отыр.
Сондай-ақ енді декретке шыққан күннен кейінгі әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды. Бұрын әйелдер декреттік демалысқа шыққан соң да аударым жасай отырып, бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыра алатын. Бұл мүмкіндік те енді жойылды.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекет тарапынан төлем жүйесін әділетті етуге және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
08 сәуір 2025 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930