» » Орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды: Қазақстанда декреттік төлем қалай тағайындалады

Орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды: Қазақстанда декреттік төлем қалай тағайындалады

Қазақстанда декреттік жәрдемақының орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

екіқабатЖұмыс берушілер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеп отыруы керек. Жұмыс істейтін әйелдер жүктілігі мен босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алған кезде әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасай алады.
"Төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдар есептелетін ай сайынғы объект тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс. Қордан жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік аударымдар есептелетін объект ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерін еңбекке қабілетсіздік күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады", - дейді еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. 
Заңға сәйкес, жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке
жарамсыздық парағы, әдетте, жүктіліктің 30 аптасынан бастап босанғанға
дейін 70 күнтізбелік күнге және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге
беріледі.
Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлемнің мөлшерiн анықтаған кезде жұмыс істейтін әйелдің соңғы 12 айдағы орташа табысы  еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентіне көбейтіледі.
"Бұл ретте, МЗЖ-ның 10%-ын ұстамай, ең төменгі жалақыдан (42500 теңге) есептеу кезінде ЖБӘТ-нің ең төменгі мөлшері 160 мың теңгені құрайды. МЗЖ-ның 10%-ын ұстамай, еңбекке уақытша жарамсыздықтың ең жоғары күндерін және әлеуметтік аударымдарды ұсынуды ескере отырып, ЖБӘТ-нің ең жоғары мөлшері 1,2 млн.теңгені құрайды. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 490 мың теңгені құрайды", - дейді еңбек министрлігі. 
13 желтоқсан 2020 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031