» » Әлеуметтік төлемдер қаншалықты өсетіні белгілі болды

Әлеуметтік төлемдер қаншалықты өсетіні белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі жылы әлеуметтік төлемдердің неше пайызға өсетіні туралы мәлім етті,  деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Министрлік мәліметі бойынша  келесі жылы  мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің барлық түрі 7%-ға  өседі. Нақты айтқанда:
  • мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
  • №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
  • жерлеуге арналған біржолғы төлем;
  • бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы бюджеттік субсидиялау;
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
  • бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы» делінген ақпаратта.
Міне, 2024 жылдан бастап  осындай мемлекеттік әлеуметтік төлем түрлеріне берілетін қаражат сомасы  7%-ға артатын болды.   
12 қараша 2023 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930