» » Бақытты отбасында бақытты балалар өседі

Бақытты отбасында бақытты балалар өседі

Татуластыру рәсімін қолданудың тиімділігі зор. Соның ішінде татуласу неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша ажырасуды төмендетіп, отбасын сақтап қалуға оң әсерін тигізір отыр. Осыған орай отбасындағы дауларда татуластыру мәдениетін қалыптастуру өзекті мәселе болып табылады.
2018 жылдың екінші жарты жылдығында басталған «отбасылық сот» пилоттық жобасы өмірлік қиын жағдайға тап болған ерлі-зайыптыларға дағдарысты еңсеруге және құқықтық, психологиялық қолдау алуға көмектесуді мақсат етті. Татуластыру рәсімдері даулар мен жанжалдарды соттан тыс, бірақ толығымен азаматтық-құқықтық салада шешуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды және жылдан-жылға дамып келеді. Дегенмен, азаматтар мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарға, атап айтқанда сотқа жүгінуге көбірек дағдыланған.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдану өзінің тиімділігн көрсетеді, өйткені дауды медиация тәртібімен шешумен аяқталған істер санының артуы байқалады.
Неке бұзу талап арыз сотқа келіп түскен ретте, татуластырушы судьямен бірінші кезекте «Татуластыру орталығында» қызмет атқаратын медиаторларға талап қоюшы мен жауапкер туралы ақпарат беріп, ол өз тарапынан «Сотқа дейін татуластыру жұмысын» өткізеді. Медиатор көмегімен тараптар бітімгершілікке келмеген жағдайда тиісті анықтама жасақталып, татуластырушы судьяға табысталады. Дегенмен талап арыз медиатордың бақылауында қала береді.
«Медиация туралы» заңның 25-бабы 1-тармағына сәйкес, медиация арқылы ерлі-зайыптылар арасындағы некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналардың балаларды күтіп бағуға қосқан үлесіне қатысты келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастарда туындайтын кез келген басқа да келіспеушіліктер шешілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы №674 Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында дауларды реттеудің баламалы тәсілдерін дамыту Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудың маңызды векторы болып табылатыны көрсетілген. Өйткені, бұл институт қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге  ықпал етеді және жүктемені азайту жолымен сот төрелігін іске асыру сапасын арттырады.
Отбасы-адамның жеке басын қалыптастырудың алғашқы және маңызды кезені. Балалардың дамуы мен денсаулығындағы отбасының рөлі мен әсерін ештеңемен салыстыру мүмкін емес. Отбасылық тәрбие терең және шексіз. Бұл қоғамдық тәрбие орнын толтыра алмайтын басты тәрбиелік орта. Себебі, отбасы-балалар өмірінің ең жақын жақтарына әсер ететін мектеп. Тек бақытты отбасыларда бақытты балалар өседі.
С.Қожабаев,
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы-сот отырысының хатшысы
                      
27 наурыз 2025 ж. 1 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 556
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930