» » Татулық – табылмас бақыт

Татулық – табылмас бақыт

Татуласу – қолданылуы жағынан құқық саласына жақын болып келетін, басты мақсаты адамдардың өзара келісімге келу жолымен дауды немесе жанжалды шешуге мүмкіндік беретін институт. Татуластыру рәсімі алғашқы қауым тұсында пайда болған.
Татуластыру, бір жағынан ішкі әлемнен өзінөзі сақтандыру болса, екінші жағынан өркениетті дамудың материалдық және рухани құндылық құралы ретінде қолданылады. Татуласу категориясы гуманитарлық ғылымда әртүрлі көзқараста қарастырылуда, дегенмен барлық қолданыстағы ұстаным, жанжалдар мен дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын табуды көздейді. Татуластыру рәсімдері мәні бойынша әртүрлі қарама-қайшы көзқарастарды, ұстанымдарды үйлестіріп, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге бағытталады.
Құқықтану саласында татуласу дегеніміз – тараптардың дауды сотта және соттан тыс өзара келісіммен аяқтауы, екі жақтың арасындағы қақтығысты шешу. Татуласу тәсілі сан алуан құқықтық қайшылықтарды шешу үшін пайдаланылады.
Оның мақсаты – билер соты сияқты тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, оларды бітімге келтіріп, татуластыруға қол жеткізу. Ол үшін өз мүдделерін қорғау барысындағы қақтығыстың болғандығын шиеленіске қатысушыларды анықтау, дауды шешудің жолын іздеу, дауласушы екі тарапқа да қолайлы шешімді тауып, татуластыру рәсімін бекіту, осылайша, дауды тоқтату қажет. Бұл – татуластырудың ең маңызды сәті. Татуласуға тараптардың еріктіліктері үлкен әсер етеді. Адамның ішкі көрінісінде жанжалды шешуге ұмтылыс болса, сыртқы көрінісін оны жүзеге асыру үшін татуласу жөніндегі жазбаша арыз білдіреді.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің бір ескерерлігі, осы келісімді бекіту туралы ұйғарым Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңында және Азаматтық процестік кодексте көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Жалпы татуласу рәсімдерінің нәтижесінде талапкерлер құқықтары екі аптада қалпына келтірілді. Мұның өзі сотқа жүгінушілердің медиацияға деген оң көзқарасын қалыптастыруда. Бүгінде соттарда медиация кабинеттері ашылып, судья медиаторлар жұмыс істейді. Медиациялық келісімінің құқықтық күші сот шешімінен кем болмайтынына тараптар көзі жетті. Егер екі жақтың біреуі келісімді орындамаса, екінші жақ оны мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жүгіне алады. Сонымен бірге қазіргі таңда онлайн-медиативтік келісім жүргізуге де мүмкіндік бар. Мұндағы мақсат – тараптардың татуласып, отбасында, өз ортасында бірлік-берекенің сақталуы. «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» демекші, татулық, бірлік, ынтымақты ата-бабамыз берік ұстанған. Татулықты ту еткен ата-бабамыз жолын жалғап, араздасқан тараптар мәселесін сотқа дейін медиация тәртібімен шешіп, бітімге келуде. Осылайша тараптар арасындағы татулықты сақтап, қоғамдағы даудың деңгейін төмендетуде.
Халқымызда «Әділдік бар жерде, татулық та бар. Татулық бар жерде, бақыт та бар. Бақыт бар жерде, керемет өмір бар» деген даналық сөз бар. Татулық табылмас бақыт екенін естен шығармасақ екен.
Г.АБУОВА,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы
18 қазан 2024 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031