Азаматтық істердегі татуласу шаралары

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-т. Татуластыру рәсімдері қарастырылған. Соттардың тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатындығы, дауды процестік барлық сатыларында реттеуді оларға жәрдемдесетіндігі туралы айтылған.
Тараптар татуласу келісімін, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу келісімді жасап, ҚР-ның Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдірді пайдалана отырып, дауды өзараталаптардың толық қөлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Тараптар сот актісін шығарғанға дейін бірінші,апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс. Медиатор медиацияны жүргізу туралы өтініш хатты берген және тараптардың медиатор мен жасасқан шарты бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтініш хатты берген кезден сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туруға құқылы.
Тараптар келісімге қол жеткізген жағдайда, сот ұйғарыммен бітімгершілік келісімді бекітеді. Қазіргі уақытта судьялардың татуласу рәсімдерінің мәні мен құқықтық салдарын түсіндіруі көп жағдайда тараптар үшін тек ақпараттық сипатқа ие, дегенмен қоғамда татуласу идеясын насихаттау мен дамытудың тиімді құралы болып табылады.
Б.АБУБАКИРОВА,
Байқоңыр қалалық сотының судьясы