» » Медиацияны жүргізу тәртібі

Медиацияны жүргізу тәртібі

Медиация латын тілінен аударғанда «mediare», яғни, делдалдық ету, тараптардың өзара тиімді шешімге келу тәсілі. Ол келіссөздердің тиімді жүргізілуіне көмектеседі және оларды қажетті арнаға бұрады. Өзінің бейтараптығы арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, даудың оңтайлы шешілуіне жол ашады.
Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлағалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
Медиацияның жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда бұл мерзім отыз күнге ұзартылуы мүмкін. Соттың қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Азаматтық процесс шеңберінде жүргізілген медиация тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуде азаматтық іс жатқан сотқа тез арада дауды реттеу туралы келісімге қол қойылған жағдайда аталған келісімді, медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Сондықтан да медиацияны одан әрі дамыту бағытында аудан, ауыл тұрғындарына татуласу рәсімдері мен медиация туралы, оның ішінде медиация мен партисипативтік келісімдерін насихаттау және дауды сотқа дейін татуласу арқылы шешудің тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізудің маңызы өте зор.
Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Е.Мәтжанов
07 маусым 2022 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031