» » Медиация құқықтық мәдениетті көтереді

Медиация құқықтық мәдениетті көтереді


   Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі. Заң дау-дамайлардың тиімді шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірінде бір-біріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, өзара кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Елімізде жеке және заңды тұлғалардың туындаған дауды өздері келісіп шешуіне барлық жағдай жасалған. Заң талаптарының негізіне де медиация тәртібі, татуластыру шаралары, партисипативтік рәсім, дауды сотқа дейін реттеу хаттамасы қай-қайсысы болсын тараптардың қалауымен жүзеге асырылады. Бұлардың әрқайсысында судьялар мен медиаторлар, адвокат, заңгерлер жәрдемдеседі. Дауды сотсыз аяқтау азаматтардың құқықтық мәдениетін көтереді. Өйткені, баламалы тетіктер дауласушыларды «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» қағидатын нық ұстануға бағыттайды.
Бүгінде әр сотта судья-медиаторлар бекітілген. Талап қою соттың іс жүргізуіне алынғанға дейін тараптарға татуласу рәсімдері, оның құқықтық салдары түсіндіріледі.
  Дауды шешу барысында тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысы өзара ынтымақтастық орнатылып жүргізіледі. Сот шешімді заңға сәйкес қабылдаса, медиатор тараптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында шешім қабылдайды. Сот – жария үдерісті, ал медиация құпиялықты қамтамасыз етеді. Мәлім болған ақпаратты ұсынған тараптардың келісімінсіз жария қылуына жол бермейді.
Медиация – дауды шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын жолын табу, сол арқылы дауды азайту мақсатын көздейді. Сондықтан бітімгершілік институтын адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі деуге толық негіз бар.
       Кез келген дауды бітімгершілік жолмен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін,  тұтастығын сақтауға үлкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Бұл халқымыздың дарабоз билерінің дәстүрлі билік жүргізу тәсілінің заңды жалғасы екендігі деп  түсінгеніміз абзал.
Қ.ЕСХАНОВ,
аудандық сот әкімшісінің
 бас маманы – сот отырысының хатшысы
18 тамыз 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031