» » ОРМАН ӨРТІНЕ САҚ БОЛАЙЫҚ

ОРМАН ӨРТІНЕ САҚ БОЛАЙЫҚ

Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғайларды қорғау, өсіруге қамқорлық жасау – әрбір азаматтың абыройлы борышы. Соңғы уақытта табиғат өзі сыйлаған пайдалы тоғайларды өртеу фактілері көбейіп кетті. Оны өртеушілер ормантоғайдың 2-3 жылсыз қалыпқа келе бермейтінін біле бермейді. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды, қалайша ғана оларды көзіміз қиып, от қойып өртейміз?!
Орман-тоғайларды өртеуге себепші болатын ең алдымен, мекеме, шаруашылық басшылары, жеке бақша егушілер. Сонымен қатар, өсіп тұрған тоғайға шырпымен от қоюшылар қатарына ата-ана тарапынан бақылауы жоқ жас жеткіншектер мен мал бағып немесе мал қарап шыққандар. Шаруашылық басшылары егістік жерлерді, арық каналдарын және бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылдан қалған шөптерді өртегенде, өрттің тоғайға кетіп қалмауын қадағалауға арнайы адамдар бөліп, оларға жауапкершілікті арттыруы керек. Өкінішке орай, көбінесе осындай жанашырлықтың болмауынан өрт аймақты түгел шарпып, сансыз шығындарға, өкінішті жағдайларға әкеліп соқтырады.
Сондықтан, әрқайсымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауымыз қажет:
– қай жерде болмасын қажет жағдайда ашық отты пайдалануды бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тастап кетпеу керек; – далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жер ашу мақсатында пайдаланбау керек;
– көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоқтарын толық сөндірмей тастап кетпеу керек;
Қорыта келгенде, от апатына жол бермей, өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, өртті болдырмау үшін бәріміз біркісідей күресейік. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
22 наурыз 2025 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 715
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031