» » Орман-тоғайды өрттен сақтайық

Орман-тоғайды өрттен сақтайық

Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі – орман-тоғайларды қорғау. Оны өсіруге қамқорлық жасау – әрбір азаматтың абыройлы борышы.
Орман-тоғай ауаны оттегімен толықтыру, климаттың қатаңдығын жұмсарту, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның түрлі ластануын азайту қызметін атқарады. Халықтың табиғат өзі сыйлаған пайдалы тоғайларды өртеу фактілері көбейіп кетті. Олар орман-тоғайдың екі-үш жылсыз қалыпқа келе бермейтіндігін біле бермейді. Осы уақыт аралығында айналаға көз жіберсеңіз, жол бойының екі жақ беті күйген жиде, шеңгел, ағаштардан көрінбейді. Мәселен, әрбір тоғайдың атам заманынан халықтың жадында сақталған аттары бар. Өз ортамызда тұрған табиғат байлығына неге жанымыз ашымайды, қалай ғана оларды көзіміз қиып, от қойып өртейміз? Орман-тоғайларға неге қамқорлық жоқ?
Жасыл-желекті өртеуге себепші болатын ең алдымен, мекеме шаруашылық басшылары, жеке бақша егушілер. Сонымен қатар өсіп тұрған тоғайға шырпымен от қоюшылар қатарына ата-ана тарапынан бақылауы жоқ жас жеткіншектерді, мал бағып немесе мал қарап шыққандарды жатқызсақ артық болмас еді. Шаруашылық басшылары егістік жерлерді, арық, каналдарды және бақша егетін жерлерді тазалау кезінде өткен жылдан қалған қамыс немесе басқа да шөптерді өртегенде, өрттің тоғайға кетіп қалмауын қадағалауға арнайы адамдар бөліп, оларға жауапкершілік арттыруы керек. Өкінішке орай, көбінесе осындай жауапкершілік жүктелген адамдар орман-тоғайға жаны ашумен жұмысы болмайды, керісінше өртті қадағалап жүрудің орнына оны қараусыз қалдырып, жөніне кетеді. Соның салдарынан өрт аймақты түгел шарпып, сансыз шығындарға, өкінішті жағдайларға әкеліп соқтырады.
Сондықтан, әрқайсысымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауымыз қажет:
– қай жерде болсын қажет жағдайда ашық отты пайдалануды бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тастап кетпеу керек;
– далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бей-берекет қойып, жер ашу мақсатында пайдаланбау керек;
– көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоқтарын толық сөндірмей тастап кетпеу керек.
Орман – ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтарымыз мол. Халық орман-тоғайдың қадірін қашаннан жоғары бағалап келгенін, оны ақын-жазушылар өздерінің шығармаларына арқау еткенін көпшілігіміз білеміз.
Қорыта айтқанда, от апатына жол бермей, өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, тілсіз жауды болдырмау үшін бәріміз бір кісідей күресейік.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.
Қармақшы аудандық
Төтенше жағдайлар бөлімі
28 сәуір 2024 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930