» » ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың негізі, халықтың қазынасы һәм алаштың асыл мұрасы. Баланы тәрбиелеу, қоғаммен байланысатын, қоғамға пайда әкелетін тұлға етіп шығару – ата-ананың мәртебелі міндеті.
Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі. Сондай-ақ өзін қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекетіне және де басқа да қасиетіне байланысты.
Жаратқан иеміз Құран Кәрімде: «Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді, яғни жанұяларыңды тозақ отынан қорғаңдар!» деп бұйырған. Бұл аяттың мағынасына қатысты имам Табари былай деген: «Бір-бірлеріңе және жанұяларыңа Құдай парыз қылған құлшылықтарды үйретіп өздеріңді және жанұяларыңды тозақ отынан сақтаңдар» десе, имам Қуртубидің тәфсірінде имам Муқатил ибн Хайам: «Бала-шағамызға дінді, хайыр жақсылықтарды және дін этикасын үйрету бізге міндет» деп түсіндіреді.
Мағжан Жұмабаевтың мына бір сөзі бар: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнінде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» дейді. Ендеше, балам адам болсын деп ұрпағымыз үшін алаңдасақ, ең әуелі тәлім-тәрбиеге терең мән бергеніміз жөн. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз да бұл жөнінде «Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас» деп өсиет қалдырған. Бала – болашағымыз. Баршамызға жақсы, отансүйгіш, адал ұрпақ нәсіп етсін!
Нұрболат РАХМЕТТУЛАЕВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің
бас имамы
10 наурыз 2025 ж. 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930