» » Бала - біздің болашағымыз

Бала - біздің болашағымыз

«Өмірдің бір қызығы - бала деген». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де - бала. Бала - отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі.
Бала бақытының кепілі-ата-ананың өнегелі тәрбиесінде. Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Жақсы перзент ата-ана қолындағы аманаты.
Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу, оның мектепте жақсы оқуына, болашақта жақсы азамат болып шығуына үлкен ықпалын тигізеді.    
Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.        
Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен жеткізе отырып, тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Баланың көп уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін  қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады. Күн ырғақ-бұл өмір тәртібі. Ал бала өз міндетін қашан да орындауға тырысады. Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сұру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез-құлықтарды байқайды. Сондықтан ата-ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап баланың жан дүниесіне оң әсер ететін іс-әрекеттерді дағдыға айналдыру керек.     
Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы! Егеменді, тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты ұрпақ өсіру үшін, әрбір ата-ана жауапты болуы қажет.
А.Жақыпбек,
Қармақшы аудандық соттар 
әкімшісінің жетекші маманы
                                                                                              
15 тамыз 2023 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031