» » Мектептерге мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мектептерге мониторинг жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданы аумағында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы С.Нұрымбетов, Қызылорда облысының Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы З.Қазтоғанов, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Р.Ахметов және аудан әкімі Ж.Еркінбек Қызылтам елді мекені маңындағы «Тұрабай» өзегіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында Қараөзек арнасы арқылы «Қожатай су тоспасы» мен «Жұмағұл» каналы арқылы «Қаракөл» көліне су жеткізу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, осы су көздері арқылы жайылымдық, шабындық алқаптар мен көлдер жүйесіне судың тиімді жеткізілуіне қатысты атқарылып жатқан шаралар қарастырылды.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде су ресурстарын басқару бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, қауіпті аймақтарда күнделікті мониторинг жүргізу және бақылауды күшейту міндеттелді.
21 ақпан 2025 ж. 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031