» » СУ ҚОРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

СУ ҚОРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА


Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Қызылорда және Түркістан және облыстарынан бөлек, Шымкент қаласында бөлімдері бар. Бассейннің өзегі болған Сырдария өзені Нарын мен Қарадария өзендерінің қосылған жерінен бастау алады.
Өзеннің Қазақстан қамтитын жалпы ұзындығы 1746 шақырымды құрайды, оның 465 шақырымы Түркістан облысы және 1281 шақырымы Қызылорда облысы төңірегінен өтіп, Солтүстік Арал теңізіне құяды. Салада атқарылған жұмыстардың бірқатарын Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндап берді.

- Инспекцияда су шаруашылығы жағдайы туралы мәліметтер күнделікті есепке алынып, мәліметтерге мониторинг жасалып келеді. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы негізгі міндеттерін Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 40 бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Инспекцияның негізгі функциялары: бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару, оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру, су қорын пайдалану мен қорғау, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі. Олар: Арнайы су пайдалануға рұқсат, су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыс жайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу, Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау, Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу,- деді Зейнулла Молдағалиұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі



07 ақпан 2025 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930